Шымкенттік оқушы бомбер күртеше жасады

0
2 401

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Әсем Мылтықбай ерекше бомбер күртеше жасады. Бұл туралы өзінің facebook​ парақшасында журналист Әйгерім Бегімбет жазды.


Шымкенттік оқушы бомбер күртеше жасады

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Әсем Мылтықбай ерекше бомбер күртеше жасады. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында журналист Әйгерім Бегімбет жазды.

Әйгерім Бегімбет: "Күртеше «Bomber jacket WINTER+SUMMER» деп аталады. Күртешенің ішінде арнайы ток жүргізілген. Жапондықтар бомбер күртешенің ішін салқындату және жылыту үшін оған аккумуляторды қолданады екен. Оның салмағы ауыр. Және бүйрекке зиян келуі мүмкін. Ал Әсем мен жетекшісі Нұрғали Әуезов ағай адамның денсаулығына кесірін тигізбес үшін пельтье элементін пайдаланған. Сонымен қатар, ол жауын-шашынды күндері адамға кері реакция бермеуі үшін ішіне қосымша кеудеше тіккен.

Бомбер күртешені кәдімгі ұялы телефонды қуаттағандай қуаттап алып, киіп жүре бересіз. Қыстың аязды күні жаурамайсыз, жаздың аптап ыстығында терлемейсіз. Денеңізді жылытып, салқындатып тұрады.

Әсем осы жобасы арқылы Астанада өткен Наурыз кездесулерінде І орын және Қазақ бас сәулет-құрылыс акедемиясының грантын жеңіп алды".


ERNUR.KZ