Қазақстанда 1-наурыз – алғыс айту күні. Көктемнің алғашқы күні жақын адамдарыңызға алғыс хат жазыңыз.
1-наурыз – алғыс айту күні. Бұл күні жақын адамдарыңызға қандай сыйлық жасауды жоспарлап отырсыз?
«Алғыс айту» күні махаббат, мейірім, риазышылық сезімдерін білдіруден артық сыйлық жоқ. Ал, осы үш қымбат сезімді біріктіре отырып, алғыс хат жазсаңыз, бұл ұмытылмайтын сыйлық болады!
«Алғыс айту» күнінің шығу тарихы
Ағылшын колонистері үшін 1621 жылғы қыс өте қатты болады және адамдар аштыққа ұшырап, қиын күндерді бастан кешеді. Губернатор Уильям Брэдфорд өмірден түңіліп жүрген адамдардың көңіл-күйін көтеру үшін «Алғыс айту» күнін белгілейді. Бұл күн адамдарға бір-біріне ізгі тілек айтып, жақсылық жасауға, қиын жағдайда жылы сөзбен бір-бірін қолдауға үйретеді.
Басқалар да бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Ал, 1789 жылы Джордж Вашингтон бұл күнді «Ұлттық мереке» деп жариялады. Содан бері АҚШ пен Канадада алғыс айту күні әр жылы қарашаның төртінші бейсенбісінде тойланып келеді. Бізідң елімізде ше?
Қазақстанда алғыс айту күні 2016 жылы алғаш рет аталып өтті. Елбасы жарлығымен 1-наурыз «Алғыс айту» күні боп белгіленді.
Айтқанға да, естігенге де пайдалы
Не нәрсенің де шығу тарихына қарап, оның пайдасын бағамдауға болады. «Алғыс айту» күнінің шығу тарихы «Рахмет» айту мен ризашылық білдірудің – айтқан адамға да, естіген адамға да пайдасы орасан екенін ұқтырады. Бұны бүгінгі күннің психотерапевтері де мойындап отыр. Арнайы мамандардың зертету жұмыстарын, еңбектерін қорытындыласақ, алғыс, рахмет айту тек көңіл күйге әсерлі ғана емес, оның денсаулыққа да әсері күшті екен.
*құрметті биіктетеді
*қарым-қатынасты нығайтады
*бұрынғыдан да жақындастыра түседі
*достық сезім мен мейірімді оятады
*реніштерді тарқатады
*татуластырады
*сүйіспеншілікті арттырады
*күш береді
*сенімділік береді
*жүректің жұмысын жақсартады
*белсенділік қуатын береді...
Психолог мамандар «өзгеге жағымды, жылы сөз айтуға қарағанда, оны жазу әлдеқайда әсерлі» дейді. Ендеше, жақын адамдарыңызға (анаңызға, әкеңізге, аға-әпкеге, бауырға, досқа, ұстазға, күйеуге, әйеліңізге, перзентіңізге т.б.) шағын алғыс хат жазыңыз.
Жақын адамыңыз 1-наурыз күні сіздің махаббат пен мейірімнен құралған ризашылыққа толы алғыс хатыңызбен оянсын.
(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)
Ж. СМАҒҰЛОВА,
Тағы да оқыңыз: