​Сізде осы 4 БЕЛГІ БОЛСА, нағыз АҚЫЛДЫ АДАМ болғаныңыз

0
3 495

Бойында осындай 4 белгі бар адам өзін-өзі қолға алса көп іс тындырып, діттегеніне жете алады екен.


​Сізде осы 4 БЕЛГІ БОЛСА, нағыз АҚЫЛДЫ АДАМ болғаныңыз

Фото: 1.bp.blogspot.com

Әлеуметтік желілерден бәріне үлгеріп жүрген адамдарды көргенде өзіңізге өзіңіз ұрсасыз ба? Өзіңізге ғана емес, жарыңыз бен балаларыңызды да өз қатарластарымен салыстырып, көңіл күйіңіз түсіп жүр ме?

Психологтар «жалқаумын» деп адам өзін жазғырмас бұрын өз іс-әрекеттеріне үңіліп көруі керектігін айтады. Өйткені сіз ойлаған жалқаулық керісінше ақылдылық белгісі болуы мүмкін.

Осы орайда мамандар мыналарды жалқаулықпен шатастырмаңыз дейді.



1. Жұмыстың жеңіл жолын іздейді

Көп арасында «Қиын жұмысты жалқауға беріңіз, ол жеңіл жолын тауып жылдам аяқтап тастайды» деген сөз бар. Дегенмен, логикалық тұрғыдан ойласақ, бұл жерде жалқаулықты емес, ақылдылықты байқаймыз.

Біреу таңмен таласа тұрып, күні бойы тынбай жүретін шығар, бірақ соның ісін бір адам үш сағатта-ақ бітіреді. Мұндағы екінші адам ұйқыдан кеш тұруы мүмкін, бірақ ол көп істі жоспарлап жылдам аяқтай алады.

Мысалы, қазіргі кезде ұялы телефонның және интернет арқылы коммуналдық төлемдерді, несиені ешқайда бармай-ақ төлеуге болады. Сондай-ақ теміржол вокзалына барып уақытты кетірмей үйде отырып-ақ билет сатып алу, дәрігерге жазылу, қажетті медициналық анықтамаларды электронды үкімет порталынан шығарып алу мүмкіндігі бар. Осы секілді жұмыстарға бір күнді жұмсамай-ақ аз уақытта тындырған адамды жалқау деуге болмайды.

Демек, кез келген жұмыстың оңай әрі жеңіл жолын таба білген адам жалқау емес.



2. Жайбасар

Кейбір адам табиғатынан баяу қимылдайды. Көбіне мұндай жайбасар адамдар істі тыңғылықты атқарады және ісіне ұқыпты болады. Мейлі ол тапсырылған тапсырманы өзгелерден екі күн кешіктіруі мүмкін, бірақ ешқандай мін таба алмайсыз. Сол сияқты үй тазалауды да үш-төрт күнге созып жүретін шығар, алайда тап-тұйнақтай етіп, әр затты өз орнына қойып реттейді.

Кейде жайбасар адамның асықпай жүріп көп іс тындырып тастағанын өзгелер байқамайды да. Сондықтан да жайбасарды жалқаулар қатарына жатқызуға асықпаңыз. Бұл жұмыстың жоғары сапасының, ұқыптылықтың белгісі.



3. Көп сөйлемейді

«Әдемі сөйлегеннің бәрі шешен емес», десек те, біздің түсінігімізде аузы тынбай көп сөйлейтін, кез келген ортамен тез тіл табысып кететіндер – пысық. Ал сөзге араласа бермей көбіне шет қалып, үндемей отыратындарды «бостау екен», «пысық емес» деп жатамыз. Ал психологтар бос сөзге қуатын жұмсамайтындарды ақылдыға жатқызады. Расында да, кейбір адам көп сөйлемесе білмейтін тақырыпқа араласуды ақымақтыққа балайды.

Дана халқымыз «аз сөз – алтын» деп бекерге айтпаған. Сондықтан да көп сөйлемейтін адамдарды іске қырсыз деу қате. Психологтардың зерттеу жұмыстарына сүйенсек, ақылды адамдар көп сөйлей бермейді.



4. Достары аз

«Жылтырағанның бәрі алтын емес». Досы көп, ортасының гүлі боп жүретіндерді пысыққа теңейтіндер бар. Бірақ адамдармен жақсы қарым-қатынас орната білетіндер келіссөзге шебер болғанымен, іске епсіздеу келеді. Сондай-ақ досы аз адамды ешкіммен тіл табыса алмайды деп ойлау да қате.

Жантану мамандарының айтуынша, ақылды адамның досы санаулы ғана болады екен.


Бойында осындай 4 белгі бар адам өзін-өзі қолға алса көп іс тындырып, діттегеніне жете алады екен. Ал, оқырман, сізде бұл белгілер бар ма?

Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


НЕГЕ балаға бұл сұрақтарды қою маңызды?


Өзіңді СҮЮ арқылы өміріңді өзгерт