Әлеуметтік желілерде референдум бойынша қандай үгіт-насихат жүргізуге болмайды?

0
607

Қазақстандықтар референдумда көтерілетін мәселелерді қолдап та, қарсы да үгіт жүргізуге құқылы.

Әлеуметтік желілерде референдум бойынша қандай үгіт-насихат жүргізуге болмайды?

ERNUR.KZ. Дегенмен, кейбір үгіт-насихат жазбалары заңсыз болуы мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

"Республикалық референдум туралы" заңда үгіт-насихат жүргізуге мынадай анықтама берілген: азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге референдумда қойылған мәселе бойынша өз пікірін білдіру құқығына кепілдік беріледі. Азаматтардың кез келген пікір айтуға құқығы бар, егер бұл науқан белгіленген қағидаттарға сай болса, жауапкершілік жоқ", - деді брифингте референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары:

  • аноним болмауы керек;
  • конституциялық құрылысты, елдің тұтастығын зорлық-зомбылықпен өзгертуге, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге шақырмауы керек;
  • нәсілдік, әлеуметтік араздықты қоздырмауы және зорлық-зомбылыққа шақырмауы керек.
"Сондай-ақ, ол белгіленген уақытында жариялануы керек, оған уақыт жеткілікті, тек үнсіздік күні - 4 маусым және дауыс беру күні - 5 маусымнан басқасы", - деді Щегорцова.

Ресми БАҚ-тағы жарияланымдар да, әлеуметтік желілердегі жазбалар да, тіпті мессенджерлердегі хабарламалар да үгіт-насихат жұмыстары саналады, деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасы Қанат Ысқақов. Ол жалған парақшалар мен аноним арналардан үгіт жүргізуге тыйым салынғанын түсіндірді.

"Үгіт-насихат жүргізу принциптерінің бірі - деанонимизация, яғни автордың болуы. Әлеуметтік желілер, онлайн платформалар, мессенджерлер - мұның бәрі БАҚ. Тиісінше, бұл алаңдарда үгіт-насихат жүргізу заң талаптарына бағынады. Аноним материалдарды орналастыруға тыйым салынады және рұқсат етілмейді", - деді Қанат Ысқақов.