ШЫМКЕНТ: Жедел-жәрдем қызметкерлері референдумды қолдайды

0
404

Кездесу барысында науқанның маңыздылығы түсіндірілді.


ШЫМКЕНТ: Жедел-жәрдем қызметкерлері референдумды қолдайды

Референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб төрағасы Еркін Сатқанбаев Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясында қызметкерлермен кездесіп, алдағы саяси науқанның маңыздылығы жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Конституция енгізілетін түзетулер бойынша референдумның мәнісі туралы сөз қозғадық. Жедел жәрдем көрсету қызметінің мамандары бірауыздан еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғаға міндетті түрде атсалысатындарын жеткізді. Саяси ұстанымдарын білдіріп жатқаны бізді қуандырды. Өйткені Жаңа Қазақстанды құруда ешкім шет қалмауы керек, - деді Еркін Тұрниязұлы.
Жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова орталықта 1900-дей қызметкер еңбек ететінін жеткізді. Референдум бойынша үгіт-насихат жұмысы жедел жәрдем көрсету станциясында алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылмақ.