Lonely Planet басылымы Азиядағы ең жақсы туристік бағыттар тізімін жариялады. Мұндай тізім осымен үшінші жыл қатарынан жасалуда. Туристердің көңілі мен сенімінен шығып жатқаны осыдан-ақ түсінікті. Сонымен, биылғы жылғы Азиядағы сіз бен біз міндетті түрде баруға тиісті туристік бағыттар қандай екен?
Lonely Planet басылымы өзінің жолнұсқауларымен, саяхат жайындағы құнды кеңестерімен танымал. Басылым «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалағанды» тәуір көретін азиялықтар үшін құрлықтағы ең жақсы туристік бағыттар тізімін жариялады. Мұндай тізім осымен үшінші жыл қатарынан жасалуда. Туристердің көңілі мен сенімінен шығып жатқаны осыдан-ақ түсінікті. Сонымен, биылғы жылғы Азиядағы сіз бен біз міндетті түрде баруға тиісті туристік бағыттар қандай екен? Lonely Planet қайда жол сілтейді?
9. Комодо ұлттық саябағы, Индонезия
Тұмса табиғаты әрбір келушіні кең құшағына алатын, қайталанбас көріністермен есте қалатын мекен. Мұнда Табиғат-Ананың картиналарын ғана емес, «біздің заманымыздың динозаврлары» — комод кесірткелерін де жақыннан көру мүмкіндігі беріледі.
8. Сычуань провинциясы, Қытай
Сычуань — Қытайдың ең әдемі де ең үлкен бөлігі. Көздің жауын алатын ғажайып ғибадатханалар, мыңдаған өзен-көлдері, тау-тасы мен өңірді мекен ететін панда аюлары... Мұның бәрін былай қойғанда, жартастан қашалған әлемдегі ең үлкен Будда мүсінін өз көзіңмен көрудің өзі не тұрады?!
7. Аругам бэй, Шри Ланка
Соңғы жылдары серфинг спорты ерекше қарқын алып дамуда. Ал, Шри Ланкадағы Аругам бэй жағалауын табиғат осы спорт түріне арнайы жасағандай құдды. Сол себепті де серфингсүйер спортшылар үшін жұмаққа бергісіз жер дерсің.
6. Чианг Май, Таиланд
Чианг Май — Таиландтың «солтүстік астанасы». Жергілікті халықтың мәдениетімен, тарихымен толық танысу үшін осында бір келсеңіз, жеткілікті. Бүткіл «таи бояуын» осыннан табасыз.
5. Нагасаки, Жапония
Нагасаки — көрікті де тарихи, назар аударуға тұрарлық нысандарға толы аймақ. Мұнда барсаңыз, әр күніңіз экскурсиямен өтеді. Ішіңіз пыспайтыны анық.
4. Батыс Гхата, Үндістан
Үндістанның батысындағы тау жоталары өзінің әсем табиғатымен танылған. Сонысымен де Азиядағы атақты туристік бағыттардың алдыңғы қатарынан орын алады.
3. Хо Ши Мин, Вьетнам
Вьетнамның ең ірі қаласынан көңіліңіз қалаған қызықтың бәрін табуға болады. Мұнда тарихи орындар мен мегаполистің заманауи нысандары қатар өріліп, ерекше үйлесім тапқан.
2. Өзбекстан
Өзбекстан — жыл өткен сайын туристерді көптеп тартып келе жатқан ел. Қонақжайлықтың өзіндік ерекше формасын қалыптастыруда. Мұнда келген әрбір жан соқпай кетпейтін туристік жауһарлары Самарқанд пен Бұқара қалаларында орын тепкен.
1. Пусан, Оңтүстік Корея
Керемет табиғат көріністеріне ие Пусан — сан алуан қызыққа толы мекен. Мұнда кез келген турист өзінің қызығушылығына сай ермек таба алады. Тауға, табиғат аясына шығу, ғибадатхана аралау, ыстық су көздеріне шомылу, айрықша теңіз өнімдерінің дәмін тату, басқа да өзіңіз қалаған қызыққа кенелу өз қолыңызда.
фотолар: thisisinsider.com
Аударған: А.Бектұрғанова,