Барлық индонезиялықтар жоғарғы 6 ТІСІН ЕГЕП не ЖҰЛЫП тастайды. Себебі...

0
3 404

Индонезияның Борнео және Суматра аралдарынан адамнан сегіз есе күшті ересек орангутандар табылған.


Барлық индонезиялықтар жоғарғы 6 ТІСІН ЕГЕП не ЖҰЛЫП тастайды. Себебі...

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Индонезия – халық саны бойынша әлемдегі төртінші ел. 257 миллионнан астам адам тұратын елдің архипелагына 17000 арал кіреді екен. Мұнда әр түрлі мәдениет, ұлт пен ұлыс, әдет-ғұрып, көрікті жерлер мен тілдер тоғысқан. Бірақ, Индонезия жайлы ізденіп, талқылап жатқан адамдарды сирек көреміз. Сондықтан, осы таңғажайып ел туралы мүмкіндігінше көбірек мағұлмат беруге тырысамыз.


Индонезия туралы қызықты деректер:


Индонезиядан Комодо айдаһары – әлемдегі ең үлкен кесіртке табылған, оның ұзындығы 3 метрге дейін жетеді.


Елдің ескі дәстүріне сәйкес, 12-16 жас аралығындағы индонезиялық қыздар үйқамақта болады және отбасы құрғанға дейін үйден шығуға тыйым салынады.


"Индонезия" атауын 1850 жылдары "Үнді архипелагы" және "Шығыс Азия" журналының редакторы Джеймс Логан "Үнді архипелагы" терминін қысқарту арқылы ойлап тапқан.


Біз жиі қолданатын "кетчуп" сөзі индонезиялық «kecap» сөзінен шыққан, ол тәтті соя соусы дегенді білдіреді.


Индонезияда жыныстық қатынас жайлы ашық әңгіме айтуға тыйым салынған. Тіпті олар ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелеріне арналған «кемалуан» деген жалпы термин бекіткен. Бұл "ұят" немесе "ұялу" дегенді білдіреді.


Индонезиялықтар «сүюді» «cium» яғни «иіскеу» деп айтады. Ал, амандасқанда бір-бірінің бетінен «иіскейді».


Мұсылмандар Индонезия халқының 87,2%-ын құрайды, бұл әлемдегі ең үлкен мұсылман қауымы болып саналады.


Индонезияның Борнео және Суматра аралдарынан адамнан сегіз есе күшті ересек орангутандар табылған.


Индонезия – пальма майының әлемдегі ең ірі өндірушісі, тіпті тауарлардың жартысына сол май қосылады екен.


Индонезия үкіметі тек алты дінді мойындайды, олар: ислам, индуизм, буддизм, протестантизм, католицизм және конфуцийизм. Индонезияның әр азаматы қандай дінге сенетініне қарамастан, осы діндердің бірін қабылдауы керек. Сосын, әр түрлі діндердің өкілдері заңды түрде үйлене алмайды.


Индонезия – әлемдегі бақа аяғын экспорттайтын жетекші ел.


Балидегі адамдардың барлығы дерлік жоғарыдағы тістерін жұлып алады. Жергілікті тұрғындар алты негізгі жамандық — ашуланшақтық, шатасу, қызғаныш, маскүнемдік, қарғыс пен ашкөздік денеге сол алты тіс арқылы енеді деп санайды.


АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама балалық шағының бір бөлігін Индонезияда өткізіп, сондағы мемлекеттік мектепке барған. Достары оған "Барри"деген лақап ат қойған екен.


Индонезияның Флорес аралында 2003 жылдың қыркүйегінде археологтар үш жасар балаға ұқсайтын, бірақ тістері тозған және ересек адамның сүйек құрылымына келетін қаңқа тапқан. Олар басында қаңқаны «Homo floriensis», кейінірек "Хоббит"деп атайды. Сарапшылар "хоббиттер" шамамен екі миллион жыл бұрын Африкадан қашып, бүкіл Азияға таралған Homo erectus түрлерінің бір бөлігі болған деп санайды.


Индонезияның Ява аралындағы «Боробудура» буддисттік ғибадатханасы әлемдегі ең үлкен буддисттік ескерткіш болып саналады. Ол биіктігі 34,5 метр "тауға" ұқсайды.


Индонезияның бұрынғы президенті Сухарто өз билігі жүріп тұрған кезеңде 15-35 миллиард доллар аралығындағы ақшаны иемденіп, барлық уақыттағы ең жемқор көшбасшылардың бірі болған.


1912 жылы Индонезияның Сулавеси қаласынан ең ұзын жылан табылған. Гиннестің жазбаларына сәйкес, жыланның ұзындығы 10 метр болған.


1650-1660 жылдары Бантен аралының сұлтаны болған Агенг Тиртахаса «16 жастан асқан барлық ер адамдар 500 өсімдік отырғызуы керек» деген шешім шығарған.


Индонезия мен Монаконың туы бірдей, бірақ Индонезияның туы сәл үлкенірек.


2005 жылы Индомиде Гиннестің рекордтар кітабына енген ең үлкен жедел кеспе пакеті жасалды. Пакеттің өлшемі 3,4 метр және салмағы 664,938 кг болған. Бұл әдеттегі жедел кеспенің салмағынан 8000 есе көп.


Индонезияның ұлттық тағамы – nasi campur. Ол барлық дүңгіршектерде, барлар мен мейрамханаларда тұтынушыларға ұсынылады.


Индонезиядағы балаларға кем дегенде төрт атау беріледі.


Бали қаласына электр желісі мен теледидар 20 ғасырдың соңғы ширегінде ғана келген.


1976 жылдың шілдесінде «Палапа» ғарыш кемесін ұшырғасын, Индонезия өзінің спутниктік жүйесін басқаратын алғашқы дамушы ел болады.


Индонезияның Суматра аралында әлемдегі ең үлкен гүл – Rafflesia Arnoldi өседі. Оның салмағы 7 келіге дейін жетеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


КІШКЕНТАЙ ғана аралда 15 МИЛЛИОННАН АСТАМ адам тұрады


Дүниежүзінде Coca-Cola сатылмайтын БІР-АҚ ЕЛ бар!