Біреуі 8 мың теңге тұратын АЛМА қай елде ӨСЕДІ?

0
3 717

Дүниежүзінде жұмбағы ашылмаған жерлер өте көп!


Біреуі 8 мың теңге тұратын АЛМА қай елде ӨСЕДІ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тибет – Орталық Азиядағы теңіз деңгейінен 4000 метр биіктікте орналасқан тылсым сырларға толы тау елі. Сондай-ақ, 5000 жылдық тарихы бар жұмбақ жер 500 жылдан астам уақыт бойы буддизм орталығы болған және қазіргі астанасы – Лхас қаласы. Сондай-ақ, туристер арасында бұл елдегі ғажайыптарды өз көзімен көрмеген адам тылсым табиғаттың күшін толық сезіне алмайды деген пікірлер қалыптасқан.


Тибет жайлы

Елдің тарихи орталығы — Лхас қаласы. Бұл жерден көне, сәулетті ғибадатханалар мен сарайларды көруге болады. Ал, жалпы Тибет халқының бүкіл өмірі будда дінімен, оның дәстүрі мен заңдарына тікелей байланысты. Дегенмен, адамдары мал шаруашылығымен айналысатын, арасында сауаттылары өте аз болса да, қонақжай және қарапайым болып келеді. Сонымен қатар, тау елінде жыл сайын жүз елуге жуық мерекелік фестивальдер ұйымдастырылады екен.

Бірақ, Тибетке саяхаттайтын туристер бұл елде банк карталарының мүмкіндігі өте шектеулі екенін ескеріп, ақшаны қолма-қол алып жүргені жөн.

Тибеттегі климат

Тау елінің климаты өте құрғақ болғандықтан, саяхатшылардың қолында әрқашан су болғаны дұрыс және күндіз өте ыстық, ал түнгі ауарайы тым салқын болады. Сондай-ақ, мұндағы әлемдегі ең биік тау Эверест пен атақты Кайлас таулары ультракүлгін сәулені мол бөлетіндіктен, кез келген турист дененің көп бөлігін кремдермен немесе киіммен қорғауы керек. Ал, климаты ең қолайлы қалалары – Лхас және Шигадзе болып есептеледі.


Тіл мен медицина

Бұл елдегі ресми тіл – қытай тілі, бірақ көптеген жергілікті тұрғындар ана тілі — тибет тілінде сөйлейді. Мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларына тибет тілінде сабақ өтсе, жоғары сыныптарда қытай тіліне көшеді.

Сонымен қатар, Тибет өзінің халықтық және «Монастырлық» медицинасымен әлемге танымал.


Ас мәзірі

Ал, Тибет асханасына келетін болсақ, елдің басты өнімі – арпа. Ал, ең танымал тағамы – цампа деп аталады және сусын ретінде – Тибет шайы ұсынылады. Сонымен қатар, «момен» деп аталатын түшпара, қой мен ешкі еті және жұмыртқаны көп тұтынады.


Тибетке қай уақытта саяхаттаған ығайлы?

Тибетке саяхат жасауға ең қолайлы уақыт мамыр айынан қазан айына дейінгі кезең. Дегенмен, таулы аймақта жаңбыр жиі жауып, жол жүруді қиындатуы мүмкін. Бірақ, жауын-шашын тылсым сырға толы елдегі табиғат көріністерін ерекше етіп көрсетеді. Маусым айынан қыркүйек айына дейін-жаңбыр маусымында табиғи пейзаждар өте әдемі.


Тауға шығатын турист нені ұмытпау керек?

● оттегі толтырылған баллондар (оны Тибеттен табу оңай);

● тау ауруына қарсы дәрілер;

● көп мөлшердегі су қоры;

● қалың және жұқа киім;

● темекі шегіп, алкогольді сусын ішуге болмайды!


Тибеттегі ең ерекше зат

Дүниежүзі бойынша қызыл, жасыл, қызғылт және сары түсті алмалар кең таралғаны белгілі. Ал, Сіз «қара алмаз» алмасы туралы білесіз бе? Өткен замандарда Жаңа Зеландиядан әкелінген ерекше жемісті Тибет тауындағы Қытай фермерлері 3500 метр биіктікте өсіреді. «Қара алмаз» деп аталатын алманың бойында түрлі витаминдер бар және дәмі өте тәтті. Сонымен қатар, олар суық пен жәндіктердің шабуылына төзімді болады.

Сондай-ақ, бір данасы 20 АҚШ долларына сатылатын қара алма әлемдегі ең қымбат тауарлардың бірі.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

дереккөз: ашық ғаламтор беттері


Тағы оқыңыз:

Әлем елдеріндегі БІРТҮРЛІ жер АТАУЛАРЫН білесіз бе?

Еуропадағы туристер үшін ҚАУІПТІ орындар бар