Бұлай да турист тартуға болады екен: Әлемде аты ӘЙГІЛІ әжетханалар да бар

0
3 430

Біздегі дәретханалардың бағасы тиын болып қалатын секілді.


Бұлай да турист тартуға болады екен: Әлемде аты ӘЙГІЛІ әжетханалар да бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жер бетіндегі кәріз жүйесі мен әжетханалар дамымаса, үлкен қалаларда миллиондаған адамдардың өмір сүруі мүмкін болмас еді. Мүмкін болса да, өте жиіркенішті болмай ма? Одан бөлек, қалалардағы көпқабатты үйлерде өмір сүру үшін де аты атала бермейтін осы жүйелер өте қажет. Сондықтан аталмыш жүйелер заман ағымынан қалмай жаңарып, ол жүйелерді қамтамасыз ететін сантехника саласы да қарқынды дамып келе жатыр. Сонымен қатар, жер бетінің түкпір-түкпірінде туристерді таңғалдыратын әжетханалар бар. Олар жайлы не білесіз?


1. Танзаниядағы Барафу лагері

Бұл дәретхананың ерекшелігі – оны пайдаланғысы келетін кез-келген адам 4,6 мың метр биіктікке шығып, жардың жағасына баруына тура келеді. Ол Танзаниядағы ұлы Килиманжаро шыңдарының бірінде орналасқан. Уудо-дәретхана "Барафу лагері" деп аталатын лагерьдің аумағына кіреді.


2. Жаңа Зеландиядағы Матакана

Жаңа Зеландиядағы дәретхана өзінің есте қаларлықтай ерекше дизайнымен ерекшеленеді. Оны салу үшін төрт жүз мың доллардан астам қаражат жұмсалған және жобаны жүзеге асыруға шамамен 7 жыл уақыт кетті. Бүгінгі таңда Матакан дәретханасы біраз елге туристік нысан ретінде белгілі.


3. Исландиядағы Крабла

Крабла – шөлдің қаақ ортасында орналасқан душ пен дәретхана. Бұл нысанның не үшін қойылғаны және оны кім жасағаны әлі күнге дейін құпия. Мүмкін, бұл қандай да бір аяқталмаған жобаның бөлігі шығар. Ешкім білмейді. Дәретхананың жанында электр станциясы бар, ал өзі ашық аспан астында, шатырсыз тұр. Сондықтан бұл нысаннан ағып тұрған су табиғи су көзі ретінде саналады.


4. Үндістан, Ладакх

Дәретхана 20 шақырымнан астам биіктіктегі буддистер монастырының жанында орналасқан. Дәретхананың қабырғасындағы терезе секілді кеңістіктен айналадағы табиғаттың керемет көрінісі ашылады. Әрине, іші мен ауасы да әрдайым тазаланып, пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасалып тұрады екен.


5. Канада, британдық Колумбия

Канада аумағында таңғаларлық және түсініксіз орындар көп екен. Соның бірі – орманның ортасында орналасқан ашық дәретхана. Әдетте, мұндай адамдар жиі баратын орындарда бірнеше жабық дәретхана болатын еді ғой? Дегенмен, тақыр жерден жақсы шығар.


6. Швейцария, Джованни Сегантини дәретханасы


Тағы бір назар аударуға тұрарлық ерекше дәретхана Муоттас-Мурал тауында орналасқан. Бұл әйгілі суретші Сегантинидің жекеменшік дәретханасы. Ал оның үйі дәретханаға жақын маңда орналасқан. Айта кетерлігі, бұл дәретхананы кез-келген адам қолдануға құқылы. Әрине, Муоттас-Мурал тауына баратын болса.


7. Гонконгтағы алтын дәретхана

Гонконгтағы бұл дәретхананы жасау үшін шамамен 3 тонна алтын жұмсалған көрінеді. Ал нысан ретінде "алтын дәретхана" құны 3 миллион доллардан асады. Сондай-ақ, алтын дәретханаға арналған сантехниканы орнату үшін қосымша 50 миллион доллар мен 5 жыл уақыт жұмсалған.


8. Лондондағы айна дәретханасы

Бұл дәретхананың басты ерекшелігі – оның қабырғасы кәдімгі айнадан жасалған. Дәретханада отырған адам айналадағы кез-келген адамды, заттарды көре алады. Әрине, ішіндегі адамды ешкім көрмейді.


9. Амстердамдағы көше дәретханалары

Амстердам көшелерінде орналасқан ерлерге арналған ашық дәретханалар көптеген туристердің қызығушылығын арттыратын нысандардың бірі екен. Ал, жергілікті тұрғындар мұндай көріністерге де, ашық дәретхананың иісіне де үйреніп кеткен.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


"Олар өлгенше жұмыс істейді": Кореядағы қазақ азаматымен ашық сұхбат


Шет мемлекеттерден мына заттарды әкетуге ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН