Еуропада туристер үшін ҚАУІПТІ орындар бар

0
2 361

Бұл тізімдегілер әлемдік көрсеткіш бойынша қылмыс жиі орын алатын жерлер болып есептеледі.


Еуропада туристер үшін ҚАУІПТІ орындар бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Еуропалық елдердегі ең көрікті, тарихи орындар туристерге, тіпті әлі саяхаттап көрмеген адамдардың көпшілігіне белгілі. Бірақ, әлемде неше түрлі жағдай орын алатындықтан, ол жерлердің қауіпсіз екеніне ешкім кепіл бола алмайды.


Рим

Мұнда Сіз дәмі тіл үйіретін жергілікті тағамдарды тұтынып, көшелер мен алаңдардағы қайталанбас сәулеттің сұлулығын тамашалай аласыз. Дегенмен, әлемдік баспасөздер «Мәңгілік қала» атанып кеткен Рим көшелеріндегі «Жабайы Батыс» терминін және оны қалыптастырған Оңтүстік Италиядағы «мафиоздық» топтарды жиі айтып жатады. Сонымен қатар, Рим – жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша да жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін Италиядағы, тіпті Еуропадағы ең қауіпті қалалардың бірі болып саналады.


Франкфурт-на-Майне

Ал, Германиядағы «қаржы астанасы» – жұмыс орындары мен ойын-сауық орталықтары шоғырланған тамаша қала. Алайда, «қызыл шамдар» кварталы және үлкен әуежайы бар мегаполис жергілікті полиция статистикасы бойынша Ганновер мен Берлиннен де озып кетеді екен. Себебі, соңғы жылдары бұл қаладағы қылмыс деңгейі едәуір өскен және бүгінгі таңда Франкфурт-на-Майне Германиядағы ең қауіпті қала деп танылған.

Марсель

Ғажайып жағажайлары бар және тарихы бай Марсель демалыс үшін тамаша жер. Алайда, ол қалада зорлық-зомбылық, күш көрсету және ұрлық жағдайлары жиі орын алатындықтан, Франциядағы ең қауіпті қала деп аталады. Сонымен қатар, Марсель «бандиттер» заңына бағынады, ал ең үлкен мәселесі – есірткі сатушылар. Сондықтан, түнгі уақытта көшеге шығу туристер үшін өте қауіпті деседі.


Копенгаген

Копенгагеннің тарихы мен климатты өте ғажайып. Бірақ, Данияның астанасы заңсыз есірткі айналымының ордасы болып есептеледі. Сонымен қатар, мұндағы қарақшылар заңсыз қару-жарақ контрабандасы, бопсалау, адам саудасы, тонау мен автокөліктерді айдап әкету және кісі өлтірумен айналысады. Дат билігінің акпаратына сүйенсек, жыл сайын 18-25 жас аралығындағы өзге елдердің 700-ден астам азаматы осындай қылмыстық істерді тұрақты жұмыс ретінде таңдап, иммигрант атанады.


Париж

Париж – әлемдегі жыл сайын ең көп турист баратын қала. Себебі, ондағы Эйфель мұнарасы мен Лувр мұражайы – Еуропадағы ең танымал туристік орындардың бірі. Алайда, Франция астанасының бір кемшілігі – қылмыс, яғни көптеген жылдар бойы келе жатқан қылмыстық топтар мен кейіннен пайда болған террористердің тигізетін зияны. Сондықтан, саяхатшылар кез келген жағдайға дайын жүруі қажет.

Глазго

Әлемдік көрсеткіштер Шотландиядағы ең үлкен қала Ұлыбритания қалаларының арасындағы ең көп қылмыс тіркелетін орын екенін айқындайды. Өйткені, ол жердегі тәртіп сақшылары күн сайын ұрып-соғу, ұрлық пен тонау секілді қылмыстардан көз ашпай келеді. Әсіресе, Глазгодағы Иброкс, Гван, Горбалс және Мэрихилл аудандарында қараңғыда жүрмеген дұрыс.


Лондон

Туристер Лондонды қатты ұнатады және көп барады. Алайда, БҰҰ-ның статистикасы Ұлыбритания астанасы бүкіл Еуропадағы ең қауіпті қала екенін көрсетеді. Атап айтсақ, бұл қаланың негізгі мәселесі –террористер, есірткі сатушылар, адам саудасы және автокөлік айдап әкетушілер. Сондай-ақ, Оксфорд-стрит, Лестер-сквер секілді жерлер өте қауіпті болып саналады.

Прага

Прагада көптеген қонақ үйлер, дүкендер мен мейрамханалар бар және күндіз Чехияны автобус арқылы аралап қайтуға болады. Бірақ, түнде бұл қала, әсіресе «Вацлав алаңы» деген жер нашақорлардың мекеніне айналады екен. Сондықтан, күн батқаннан кейін көшеде көп жүрмеген жөн.


«Үш мың пәтер» кварталы, Севилья, Испания

Испанияда қыдырған өте керемет, бірақ бос уақытта Севилья қаласындағы «үш мың пәтер» деп аталатын жерге бармағаныңыз абзал. Себебі, жергілікті тұрғындар оны ең қорқынышты, қауіпті және лас орын деп айтады. Онда есірткі, жезөкшелік, зорлық-зомбылық, ішімдік ішу, құмар ойындар, қару, кісі өлтіру – жалпы барлығы бар.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

дереккөз: интернеттен алынды


Тағы оқыңыз:


САЯХАТ: Қонақүйден ҮЙДЕ ОТЫРЫП-ақ ОРЫН алып қоя аласыз


Әлем елдеріндегі БІРТҮРЛІ жер АТАУЛАРЫН білесіз бе?