Бұл орындар әр елде орналасқанымен, аз уақыттың ішінде аралап шығуға болады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Еуропа елдері бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан осы аймаққа бару арқылы шоғырланған бірнеше елдің мәдениетімен танысуға, көрікті жерлерін аралауға болады. Бір жағынан Еуропаға саяхаттауды жоспарлағанда, баратын жерлердің тізімін анықтау да оңайға соқпайды. Егер сіз де осы мәселемен бетпе-бет келе қалсаңыз, біз ұсынған кеңеске жүгінуіңізге болады. Яғни, кәрі құрлықтағы ең көрікті, баруға тұрарлықтай орындардың тізімін ұсынып отырмыз.
Салтанат қақпасы, Париж, Франция
Парижде әлемге әйгілі көптеген көрнекті орындар бар. Мысалы, Лувр мұражайы, мүгедектер сарайы, Сена, Сакре-Кер секілді орындарды тізіп айта беруге болады. Сондай-ақ, осы елге саяхаттаған адамдарға 1836 жылы салынған неоклассикалық ескерткіш — салтанатты аркаға баруды ұсынамыз. қарау үшін Елисей өрістерімен серуендеуге кеңес береміз. Салтанат қақпасы (лат. triuraphus - жеңімпаз колбасшыны салтанатты түрде қарсы алу белгісі және arcus - доға, арка) – белгілі тарихи оқиға құрметіне тұрғызылған, қақпа мен еңселі мандайшадан тұратын, мүсін ескерткіштермен, рельефтер және ескерткіш жазулармен нақышталған сәулет ескерткіші.
Ежелгі Римде жорықтан жеңіспен оралған қаһармандарды салтанатпен қарсы алу мақсатында салтанат қақпасы тұрғызылған. Осы үлгімен Париж қаласында да қақпалар салынады. Франция астанасындағы бұл орыннан Париждің келбетін көруге болады.
Нойшванштайн қамалы, Швангау, Германия
Нойшванштайн сарайы Альпі тауында, Германия мен Австрия шекарасында орналасқан. Мұнда барған адам өзін ертегі әлемінде жүргендей сезінеді. Қамал ортағасырлық құрылысқа ұқсас болғанымен, іс жүзінде 1869 жылы Бавария королі Людвиг II-нің бұйрығымен салынған.
Сондай-ақ, бұл қамалдың етегінде Вилла Людвиг атты 4 жұлдызды қонақ үй бар. Қонақ үйдің спа-орталығынан айналаны тамашалап, асты тап бір корольдер сияқты ішесіз.
Пьяцца Навона, Рим, Италия
Римде болған кезде римдіктер сияқты өмір сүргеннің өзі бір ғанибет. Ал, олар сияқты эспрессо ішіп, достарыңызбен ашық әңгіме дүкенін ұүру үшін Пьяцца Навона алаңына бару қажет. Бұл алаңда Римдегі ең әсерлі субұрқақтар бар. Олардың көпшілігі әлемдік деңгейдегі барокко сәулетінің үлгілері. Пьяцца Навонаның бір ерекшелігі – алаң I ғасырда салынған.
Тіпті, алаң жанында орналасқан Eitch Borromini Palazzo Pamphilj қонақ үйінің ғимараты XVII ғасырда қаланған екен.
Көк лагуна, Гриндавик, Исландия
Көрікті жерлер дегенде көптеген адамдар қолдан жасалған құрылыстарды елестетеді. Ал, Исландиядан сіз табиғат «тудырған» көптеген көрікті жерлерді таба аласыз. Себебі бұл ел таңқаларлық ландшафттарымен және белсенді жанартауларымен әлемге танымал. Соның бірі – көгілдір лагуна, яғни әйгілі геотермалдық бассейн. Ол бассейнге шомылуға да болады. Ал, суы кремнийге бай және табиғи емдік қасиеттерге ие. Сондай-ақ, сәттілік серігіңіз болса, шомылып жүріп Солтүстік шұғылаларын да көріп қалуыңыз ғажап емес.
Метеора, Пун, Греция
Грециядағы Метеора кешені – әлемдегі ең биік орналасқан ғибадатханалардың бірі. Ал, мұндай ғажайыпты көзбен көру керек шығар. Мұндағы алты ғибадатхана тегіс табиғи жартастың үстінде орналасқан. Бұл жерге барған адам әсіресе күн батқан кезде кез-келген камера түсіре алмайтын көріністі тамашалай алады.
Лондон көпірі, Лондон, Ұлыбритания
Лондон көпірін әлемге әйгілі мұнара көпірімен шатастырмау керек. Өйткені бұл ағылшын астанасының қақ ортасындағы қарапайым көпір. Дегенмен, көпірдің екі жағында барып көруге болатын көптеген орындар бар.
Көк мешіт, Стамбул, Түркия
Неліктен Сұлтанахмұт мешітін «көк мешіт» деп атайтынын түсіну қиын емес. Себебі, Осман империясы дәуірінде — 1609-1616 жылдары салынған ғимарат көк түспен көркемделген. Күн сәулесі күмбезге түскенде, мешіт толықтай көгілдір түске боялады. Сонымен қатар, осы мешітке бару арқылы сіз Еуропа және Азия құрлықтарында орналасқан қаланың бай тарихымен танысып қайтасыз.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Қазақстандықтар ҚАЙДА саяхаттағанды ұнатады?