Ғарышта жүргендей боласыз: жер бетіндегі ТЫЛСЫМ орындар

0
6 751

Мұнда саяхаттау барлық адамға қызықты болатыны сөзсіз!


Ғарышта жүргендей боласыз: жер бетіндегі ТЫЛСЫМ орындар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жерден басқа ғаламшарлардың көрінісі қандай болатындығы туралы ойламайтын адам аз шығар. Бүгінде технологияның дамығаны соншалық, өзге планета секілді орындардың видео, фотоларын ғаламтордан және кинолардан-ақ табуға болады. Алайда оның барлығы ғарыштан емес, жерден де түсірілген. Яғни жер ғаламшарында да басқа планетадағыдай орындар бар деген сөз. Ал, олар жайлы осы мақаладан біле аласыз.

1. Мексика, Наика шахтасы, үлкен кристалдары бар үңгір

Бұл суретке қарап, өзге планетадан ғарышкерлер түсірген фото немесе ғылыми-фантастикалық фильмнің бір көрінісі деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, іс жүзінде бұл жер ешқандай да ғарыш немесе компьтерлік графика емес. Ерекше ландшафт Мексикадағы «Cueva de los Cristales» деп аталатын ерекше жерде орналасқан, Найка шахтасының 300 метр тереңдігіндегі кристалды үңгір.


2. Ластаррия жанартауының маңы, Атакама шөлі, Оңтүстік Америка

Басқа планетадағыдай ерекше, беймәлім, әрі көркем аймақ Оңтүстік Америка материгінің аумағында орналасқан. Нақтырақ айтсақ, Чили аумағындағы Атакама шөлінде орналасқан Ластаррия жанартауының маңы. Ол жердің басты ерекшелігі –суреттен көрініп тұрғандай сарғыш түсті жер бедері мен тұман.


3. Изумруд көлі, Жаңа Зеландия

Ғалымадр мен зерттеушілер өзге планеталард да кратерлердің болатынын дәлелдеген. Бірақ ол ойпаттағы су секілді сұйықтықтар адамдар үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Сол секілді ландшафтты жерден де тауып көруге болады. Олүшін Жаңа Зеландиядағы әйгілі Изумруд көліне сапар шегу жеткілікті.


4. Жерсіз таулар, Керлингарфьолл, Исландия

Исландиядан ешкім өмір сүрмейтін ғарыштың шексіз бет-бедеріне ұқсайтын тағы бір керемет жерді табуға болады. Әрине, бұл таңқаларлық жаңалық емес. Өйткені бұл елде үнемі жанартау белсенділігі байқалады. Содан да болар, бұл таудың кейбір бөліктері ғарыштағы пейзаждарға қатты ұқсайды. Тіпті, адамдар Исландиядағы ерекше жерлерді киноға түсіріп үлгерген.


5. Ришат құрылымы, Сахара, Мавритания

Біздің ғаламшарымызда ғаламның ең көрікті, ең ерекше орындары орналасқан деп айтуға болатын шығар. Сондай жерлердің бірі – Африкадағы, нақтырақ айтсақ Мавританиядағы Ришат құрылымы. Адамдар ол орынды әртүрлі сипаттайды: бірі «бұл жер құлаған метеориттен немесе ғарыш кемесінің апатынан кейін пайда болған кратер» десе, енді бірі «Жаратушының шеберлігі» деп жатады. Қала пайда болса да, бұл таңқаларлық орын. Көпшілік оны "Сахара көзі" деп атайды. Тіпті, "Сахараның көзін" ғарыштан көруге болады, ал астронавттар тірек нүктесі ретінде қолданады.


6. Қызғылт көл – Натрон, Танзания

Танзания аумағында орналасқан Натрон көлінің көрінісі марс планетасының бедеріне ұқсайды. Бұл аймақтың ең басты ерекшелігі –тұз бен сода қоспасынан пайда болатын қызғылт реңк. Әрине, мұндай көлде жүзуге көпшілік құмарта қоймас. Дегенмен, керемет пейзажды орынды көзбен көргісі келетіндер де, осы жерде кино түсіргісі келетіндер де көп секілді.

Сәті түссе, Сіз де барып көріңіз!

Дайындаған:Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қазақстандықтар ВИЗАСЫЗ-ақ мына елдерге бара алады


Саяхатқа шыққанда АҚША ҮНЕМДЕУдің ең тиімді жолдары