Қай елде қандай АУРУДАН сақтану керек?

0
2 835

Кез келген саяхатшы өз денсаулығына зиян тигізіп, қиын жағдайға тап болмас үшін өзі баратын ел жайлы, оның ішінде сол жақтағы мүмкін болатын қауіп-қатер жайлы зерттеп алғаны жөн.


Қай елде қандай АУРУДАН сақтану керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір бүкіл әлем Қытайда таралған «коронавирус» ауруы жайлы естіп, қажет болған елдер шекарасын жауып тастады. Ал, ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, дүниежүзіндегі біршама елдерде сол секілді басқа да жұқпалы аурулар бар. Сондықтан, біз Сіздерге үрейлендіру үшін емес, жағымсыз жағдайлардан қорғау үшін қауіпті аурулардың тізімін, олардың таралу аймағын, алдын алу және олардан қорғану шараларын ұсынамыз.


Үндістан, Бразилия, Шри-Ланка, Вьетнам, Колумбия

Ауру: тропикалық безгек.

Жұғу жолы: инфицирленген масаның тістеуі.

Ауру белгілері: аурудың алғашқы белгілері жұқтырғаннан 7-15 күннен кейін пайда болады. Науқастың басы қатты ауырады, әлсіздікті сезінеді, дене қызуы жоғарылайды, қалтырап, терлейді және бауыр мен көкбауыр ісініп, анемия басталады.

Алдын алу: ең бастысы тасымалдаушылармен күресу. Ол үшін тропикалық безгекті жұқтыру қаупі бар елге келгенге дейін кемінде бір апта бұрын және қайтып оралғаннан кейін төрт апта ішінде тек дәрігердің кеңесімен тиісті дәрілерді қабылдау қажет.


Африка және Оңтүстік Америка елдері

Ауру: сары қызба.

Жұқтыру жолы: инфицирленген масаның тістеуі.

Белгілері: Жұқтырған адам денесінің температурасымен 39-41 градусқа дейін жоғарылайды, бүйрек пен бауыр ауырады. Сондай-ақ, науқас қалтырау, күшті бас ауруы, бұлшық еттердің ауыруы мен жүрек айнуын сезінеді және тері түсі сарғая бастайды.

Алдын алу: сары қызбаға қарсы екпе егу. Ал, бұл вакцинаны ектірмеген турист екпені растайтын құжатты көрсетпей елге кіре алмайды.


Африка, Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс, Қытай, Филиппин, Индонезия, Кариб теңізі елдері

Ауру: шистосомоз.

Жұғу жолы: лас суға жақындаған кезде қауіпті паразиттердің теріге енуі.

Ауру белгілері: қызу көтеріледі, бөртпе пайда болып, ішек және несеп-жыныс мүшелерінің ауыруы білінеді. Бұл ауру негізінен ауыл шаруашылығымен және балық аулаумен айналысатын адамдарға, табиғат аясында саяхат жасайын туристерге, ойын балаларына жиі жұғады.

Алдын алу: ауыз суды қайнатып немесе сүзіп ішу. Дәрігерлер ұсынған препараттарды тұтыну.


Үндістан, Непал, Иран, Перу, Сауд Арабиясы, Бразилия

Ауру: лейшманиоз.

Жұқтыру: паразиттер адам ағзасына уланған москит жәндігі арқылы түседі.

Белгілері: паразиттер лимфа түйіндерін, өкпе, бауыр, бүйрек пен көкбауырды зақымдайды. Науқаста қызба мен анемия басталады.

Алдын алу: тасымалдаушылармен күрес. Яғни, мамандар ұсынған механикалық және химиялық қорғану құралдарын қолдану.


Африка, Латын Америкасы, Өзбекстан, Әзірбайжан

Ауру: анкилостомоз.

Жұқтыру жолы: топырақпен жанасу кезінде. Бұл ауру жағажайда немесе бақшада жұғуы мүмкін. Сонымен қатар, паразиттер адам ағзасына көкөністер мен шөптер арқылы да түседі.

Белгілері: жөтел, дене қызуының жоғарылауы, бұлшық еттер мен буындардың ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы, іштің кебуі, асқазан және кіндік айналасындағы ауырсыну, тез шаршау, анемия мен ішек қызметінің бұзылуы, өкпе синдромы.

Алдын алу: гигиеналық ережелерді сақтау.


Үндістан, Қытай, Вьетнам, Филиппин, Малайзия, Таиланд, Индонезия

Ауру: бругиоз.

Жұқтыру: залалданған масаның тістеуі.

Белгілері: аллергия, қызба, терінің қышуы, лимфа түйіндерінің қабынуы. Ауру асқына бастағанда тері және тері асты клеткалары ісінуі дамуы мүмкін.

Алдын алу: тасымалдаушылармен күрес шаралары. Жәндіктердің шағуынан қорғайтын механикалық және химиялық құралдарды пайдалану.


Шығыс Азия, Ресей (Амур өзені бассейнінде)

Ауру: клонархоз.

Жұқтыру: шикі пісірілген балықты пайдалану нәтижесінде.

Белгілері: қызба, терідегі бөртпе, өкпе мен бауырдың зақымдануы. Созылмалы кезеңі өт жолдары, асқазан, он екі елі ішек пен ұйқы безінің зақымдануымен сипатталады.

Алдын алу: санитарлық нормаларды сақтау.


Сахарадан оңтүстікке қарай Африка елдері

Ауру: ұйқы ауруы.

Жұғу: цеце атты шыбынның шағуы. Ең көп жұғатын адамдар – ауыл шаруашылығымен, балық аулаумен, аң аулаумен айналысатындар.

Белгілері: бірінші сатысында инфекция тері астында, қан мен лимфада таралады. Оған қызба, бас ауруы, буындардың ауруы және қышу тән. Екінші кезеңде паразиттер орталық жүйке жүйесіне тарап, мінез-құлықтың өзгеруі, сананың әлсіреуі, үйлестіру мен ұйқының бұзылуы пайда болады.

Алдын алу: ұзын жеңді киім киіп, жәндіктерге қарсы аэрозольді пайдалану қажет немесе арнайы вакцина бар.


Йемен, Латын Америкасы, Батыс және Орталық Африка елдері

Ауру: онхоцеркоз.

Жұқтыру: өзен жағасында болатын қара шыбын сияқты жәндіктің шағуы.

Белгілері: тері асты түйіндерінің пайда болуы, көздің зақымдануы, қабыну, қан кету және көру қабілетін төмендетуге әкелетін басқа да асқынулар.

Алдын алу: онхоцеркоздың алдын алатын дәрілер жоқ. Жәндіктің тістеуінен тек жабық киімнің көмегімен қорғануға болады.

Чили, Аргентина, Мексика және Латын Америкасының басқа да елдері

Ауру: Шағас ауруы.

Жұқтыру: вирус жұқтырған жәндіктің тістеуі.

Белгілері: қанға түскен паразиттер лимфа түйіндерінің, бауырдың, көкбауырдың және жүрек-қантамыры көлемінің ұлғаюын тудырады. Шағас ауруы жиырма жылға дейін білінбей асқынуы мүмкін.

Алдын алу: Жатын орынға жәндік өте алмайтын торларды қолдану, үйдің іші мен ауласын залалсыздандыру.

Аталған ауруларды жұқтырмау үшін дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, қажет болса вакцина қабылдау керек және алдын алу шараларын қолданып жүрсеңіз болғаны.


Түрлі дереккөздерден дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Саяхат СӘТТІ өту үшін ҚАЛАЙ дайындалу керек?


Шетелге шыққанда бұларды ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!