КОРОНАВИРУСТАН кейін ҚАЙДА саяхаттаған дұрыс?

0
1 999

Осы жазда демалысқа баруға болатын елдер мен демалыс орындарының саны коронавирус індетіне байланысты айтарлықтай қысқарды.


КОРОНАВИРУСТАН кейін ҚАЙДА саяхаттаған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұл эпидемия пандемия деп қабылданды, яғни ауру әлемнің көп бөлігіне тарады деген сөз. Дәл қазір ешкім саяхаттамайтыны белгілі, бірақ коронавирустан кейін мына кеңестерді есте түсіріңіз.


Қайда қыдыруға болмайды

Коронавирус ошағы болған Қытай, Италия, Таиланд, Үндістан, АҚШ және Иран елдеріне саяхаттаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, бұл тізімге Ресей, Испания, Франция, Германия, Египет пен Түркияны қосуға болады. Сондай-ақ, өте танымал Мальдив және Шри-Ланка сияқты жерлерде де төтенше жағдай режимі енгізілгенін естен шығармау керек.

Қазіргі әлемдік ахуалдың әрі қалай өрбитінін болжау қиын. Сондықтан жұқтыру жағдайлары көп болған елдерге демалысты жоспарлаудан бас тарту және ішкі туризмге ауысу қажет.


Саяхаттауға болатын елдер


Доминикан

Доминиканда вирус жұқтырғандар болған, алайда олардың барлығы оқшауланып, аурудың таралуына жол бермеді. Бұл ел туристерге сапалы сервис пен қонақүйлер, тамаша климат пен табиғат ұсынады. Доминиканға саяхаттайтын адам үшін алдын ала тапсырыс беріп қойған тиімді.


Черногория

Черногориядағы тамаша демалыс мерзімі мамыр-маусым айларынан басталады. Сондай-ақ, ұшақ билетін алдын-ала алу қажыны үнемдеудің өте пайдалы жолы. Мұндағы демалыс әрдайым керемет өтеді.


Куба

Бұл жерде вирус жұқтыру жағдайлары тіркелмегендіктен, туристер үшін қауіпсіз ел болып саналады. Сонымен қатар, жазда саяхатшыларды тарту үшін кубалық қонақүйлер түрлі тиімді сатылымдар ұйымдастырып, арнайы жеңілдіктер ұсынады. Бұл елге ұшып барудың орташа бағасы қымбаттау, бірақ жыл сайын ондағы көрсетілетін қызметтердің сапасы артып келеді.


Ішкі туризм

Әлбетте, дәл қазіргі уақытта елімізде төтенше жағдай режимі енгізіліп, қаладан-қалаға қатынау, табиғатта демалу былай тұрсын жақындарымызды қонаққа шақыруға мыйым салынып отыр. Дегенмен, бұл кезең де артта қалып, емін-еркін жүретін кез келеді. Сол уақытта жаныңызға рахат сыйлайтын демалысты қаласаңыз, шетелге бару міндетті емес. Өйткені Қазақстанда да керемет демалыс өткізуге ыңғайлы, саяхаттауға болатын таптырмас бағыттар мен демалыс орындары жетерлік. Оның үстіне ел аумағындағы туризм өзге елде жүруге қарағанда әлдеқайда қауіпсіз және мәселе туындамайды. Өз еліміздегі таулар, өзен-көлдер, киелі орындар мен курорттар кез келген адамға ерекше әсер береді. Дегенмен таңдау жасау өз еркіңізде.

Керек кеңес:

• Тіпті төтенше жағдай мен карантин аяқталса да, вирус жұқтырғандар саны көп болған елдерге барудың қажеті жоқ. Біріншіден, вирус өте қауіпті. Екіншіден, ондай елдерге барған туристі екі апталық карантин күтіп тұрады. Үшіншіден, вирус кең таралған елде қандай да бір ахуалға байланысты төтенше жағдай режимі қабылданса, демалыстың шырқы бұзылады.


• Адамдар көп жиналатын жерлерге: әуежай, вокзал, қоғамдық көліктерге көп бармаңыз. Яғни, карантиннен кейінгі саяхат үшін ең тиімді көлік құралы – автокөлік.


• Карантиннен кейін де ДДСҰ-ның кеңестерін сақтаңыз: қолды жиі жуыңыз, телефонды дезинфекциялаңыз және бетперде киіп жүріңіз.


• Міндетті түрде сақтандыруды рәсімдеңіз. Иа, ол вирус жұқпайтынына кепілдік бермейді, бірақ қандай да бір ауруға шалдыққанда қай жерде жүргеніңізге қарамастан медициналық көмек көрсетілетініне сенімді боласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Өзге елде бұл ишараларды ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ!


Карантин кезінде ОНЛАЙН-САЯХАТ жасап сергіп тұрыңыз