Күзде ҚАЙДА саяхаттаған дұрыс?

0
3 455

Сіз тұратын жерде ауа райы қолайсыз болса да саяхаттаймын деген жоспарыңыздан бас тартпаңыз. Себебі, дүниежүзінде әр мезгілге қолайлы орындар бар.


Күзде ҚАЙДА саяхаттаған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Иа, біздің елімізде күз айларында қолайсыз ауа райы орын алады. Кейде күн сайын жауын-шашыннан көз аша алмай қалып жатамыз. Бірақ, бұл жағдай саяхаттауға бел буған адамға кедергі болмайтынын білген дұрыс. Өйткені, қандай мезгіл болмасын әлемнің әр нүктесінде әртүрлі ауа райы болады. Сонымен, қоңыр күзде сөмкеңізді арқалап саяхаттайтын болсаңызмын бағыттарды таңдауға болады. Бұл жерлерге күз айларында әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристер барады.


Севилья, Испания

Севилья – Испаниядағы ең ыстық аумақтың бірі. Бірақ, мұнда теңізге шығу мүмкіндігі болмағандықтан жаз айларында туристер бара бермейді. Андалусия астанасына саяхаттайтын ең қолайлы уақыт – қыркүйек және қараша айларының аралығы. Себебі, бұл кезде Севильядағы температура бағаны +20°С шамасында болып, емін-еркін серуендеуге тамаша мүмкіндік туады. Ал, жұрт қызығатын, көздің жауын алатын орын іздесеңіз, жеті ғасыр бойы таңғажайып сәулетін жоғалтпаған, әлемде теңдесі жоқ әйгілі Алказар сарайын тамашалауға болады. Бұл сарайды саябағында өсетін апельсин ағаштарының хош иісі кез келген қонаққа керемет көңіл күй сыйлайтыны анық. Ал, тамақтанғыңыз келсе, кез келген мейрамханаға бара беруге болады. Содан кейін, Севилья көшелеріне гитарасын құшақтаған әншілер шығып, айналаны әсем әуенге бөлейді екен.



Онтарио, Канада

Әлбетте, отандастарымыздың көбісі Канадаға саяхаттай қоймайды. Дегенмен, туризм саласының мамандары күзде саяхаттауға қолайлы орындардың қатарына Онтарионы қосып отыр. Мамандар әсіресе, мұндағы қызыл жапырақты ағаштар өсетін саябақтарды ерекше атап өткен. Мәселен, бұл қалада Брюс түбегінің ұлттық саябағы бар. күзде ол саябаққа барып фотосессия жасайтындардың санында шек болмайды екен. Ал, кешкісін саябақ іші таза ауада серуендегісі келетіндермен толады екен.



Тоскана, Италия

Егер сіз итальяндық тағамдарды шынымен жақсы көретін болсаңыз, етік пішіндес елдегі дәстүрлі егін жинау мерекесі – «Сагра» кезеңінде Тосканаға баруыңыз қажет. Онда егін жинау нақаны жүріп жатқанда шараптың түр-түрі, орман саңырауқұлақтары қосылған макарондар жасалады. Сонымен қатар, зәйтүн майымен түрлі тағамдар дайындалады. Бір сөзбен айтқанда орманды алқапқа саяхаттап, гастрономиялық саяхат жасап қайтасыз.



Лиссабон, Португалия


Қазан айында Португалиядағы Мар-да-Палья шығанағының жағасында тек жергілікті тұрғындар қалады. Бұл кей туристерге көптеген мүмкіндік туындатады. Мәселен, қонақүйлер мен мейрамханалардағы баға төмендейді. Одан бөлек, турист азайған Лиссабон қаласын аралау да, Атлант мұхитының жағасында серуендеу де оңай болады.



Патагония, Аргентина және Чили

Бұл тізімде біздің елдің тұрғындары өте сирек баратын тағы бір орын бар. Ол Латын Америкасының оңтүстік бөлігінда орналасқан Патагония. Патагония еркінік пен күтпеген жағдайларға толы ерекше саяхатты қалайтындар үшін тамаша таңдау болар еді. Мұнда тауға велосипедпен саяхаттайтын мерзімі ұзақ туристік маршруттар ұйымдастырылған. Шайтанарбамен экстримді саяхат жасап, таулардың қатал мінезінен ерекше әсер алып қайтуға болады.



Исландия

Исландия – халық саны өте аз болғанымен, табиғаты тылсым дүниелерге толы ел. Мұнда күздің басы жылы болып, біраз күннен кейін аяз басталады. Демек, жылдың екі мезгілін сезініп қайтуға болады. Сондай-ақ, арзан бағада жалға көлік алып, аралды шарлауға мүмкіндік болады. Ең ерекше тұсы – бір аралдан жағажайды да, сарқырамаларды да, жанартаулар мен мұздықтарды да көріп, түрлі сезімге кенеліп қайта аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


НҰХ ПАЙҒАМБАР ойлап тапқан ТАҒАМДЫ ЖЕГІҢІЗ КЕЛСЕ МЫНА ЕЛГЕ барыңыз


Дайын тур немесе "ТӘУЕЛСІЗ" саяхат: артықшылығы мен кемшілігі қандай?