Сіз мұндай пойыздарға әлі МІНІП КӨРМЕГЕНСІЗ!

0
3 803

Бұл өмірде талай тамаша бар!


Сіз мұндай пойыздарға әлі МІНІП КӨРМЕГЕНСІЗ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер әуе ұшағының шуы, теңіз кемесінің шайқатылуы, автокөліктің ыңғайсыздығынан жалықсаңыз, пойызбен саяхаттауды таңдауға болады. Онда да қарапайым пойызға емес, сән-салтанатқа толы пойызға тапсырыс беруге мүмкіндігіңіз мол. Оның құны арзан болмағанымен, кез келген адамға ұнайтыны сөзсіз!


10. Belmond Hiram Bingham пойызы (Куско-Мачу-Пиччу)

Ежелгі Инка империясының астанасына керемет стильді пойызбен баруға болады. Атап айтсақ, Куско-Мачу-Пиччу бағытындағы пойыз жолаушыларын әлемнің жеті кереметінің біріне Перу ормандары арқылы апарады. Belmond Hiram Bingham train пойызы (Мачу Пикчуды ашқан саяхатшының атымен аталған) тамаша ағаш интерьерімен және төрт тағамнан тұратын Перу кешкі асымен ерекшеленеді. Сапар 4 сағатқа созылады.


9. Clasico el Transcantabrico (Коста Верде Экспресс)

Ал, 1920 жылдары жарық көрген вагонға отырғыңыз келсе, Clasico El Transcantabrico пойызынна билет алыңыз. Бұл түпнұсқа вагондар заманауи сән-салтанат стандарттарына сәйкес жаңартылып, жөнделген. Бұл пойыздың толық бағытын жүріп щығу үшін бес түн мен алты күн қажет. Сол уақытта пойыз Испанияның ғажайып солтүстік ландшафтын басып өтеді.


8. Venice-Simplon Orient Express (Париж-Вена)

Керемет арт-деко стилінде безендірілген Venice-Simplon Orient Express пойызы теміржол саяхаттарының алтын ғасырынан сыр шертеді. Дегенмен, Париж бен Венеция арасындағы осынау ғажап сапардың бағасы да арзан емес.


7. Rovos Rail (Намибия сафариі)

Сән-салтанатқа толы Rovos Rail пойызы нағыз өткен дәуірдің атмосферасын сақтау үшін Wi-Fi немесе теледидар ұсынбайды. Оның орнына дәмі тіл үйірер тағамдар, африкалық шараптар және ұмытылмас маршруттар ұсынады. Осы орайда Rovos Rail сапарының ең қымбат бағыты - Намибия сафариі арқылы жүретін бағыт екенін атап өту қажет. Бұл тоғыз күндік саяхат каньондар, құмдар және шулы қалалар арқылы өтеді.


6. Golden Eagle Danube Express

Әйгілі Golden Eagle теміржол компаниясының Дунай өзенінен төмен қарай бағыт алатын бұл пойызы тек 50 жолаушыны ғана қабылдай алады. Сондай-ақ, әрбір жолаушыға жеке персонал қызмет көрсетеді. Яғни, жоғарыда айтылған басқа пойыздар тек қана сән-салтанатқа ие болса, Golden Eagle Danube Express өте жайлы атмосферамен ерекшеленеді. Дегенмен оның бағасы қымбаттау. Пойыз Орталық және Шығыс Еуропа арқылы жүріп өтеді.


5. Cruise Train Seven Stars

Ескі талғам мен заманауи трендтерді керемет интерьермен үйлестіре білген Seven Stars пойызы тез арада ең сәнді және ерекше пойыздардың бірі ретінде беделге ие болды. Бортта демалыс бөлмесі, Кюсю аралының дәмді тағамдары мен қонақтарға арналған ерекше бөлмелер бар. Сонымен қатар, мінсіз қызмет көрсету үшін жолаушылар тізімін қысқартқан. Пойыздағы 28 жолаушы үшін тек 14 люкс болады. Егер, бұл пойызға міну үшін көптеген адам өтініш білдірсе, жолаушылардың есімін анықтау үшін лотерея ойнатылады.


4. Ghan (Кокату және ежелгі орындар)

2022 жылы Ghan пойызы өзінің 93 жылдығын атап өтті! Бұл пойыздың жолаушыларына маусымдық, жергілікті тағамдар, көптеген шарап түрлері және австралияның панорамалық көріністері ұсынылады.


3. Belmond Royal Scotsman (Батыстың әсем ғажайыптары)

2017 жылы Шотландия әлемдегі ең әдемі ел деп танылды. Ал, сол ең әдемі елдегі Belmond Royal Scotsman пойызы жолаушыларға керемет шотланд тауларының көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.

Belmond Royal Scotsman пойызының ең қымбат сапары – Grand Western Scenic Wonders. Бір апталық сапардың құны бір адамға 12 мың доллардан асады. Пойыздың терезелерінен шотланд тауларының панорамалық көрінісі ашылып, сонымен қатар тарихи сарайлар мен жабайы итбалықтарды көруге мүмкіндік беретін экскурсиялардың кестесі ұсынылады.



2. Maharajas ' Express (Үндістан мұрасы)

Maharajas ' Express – сән-салтанаттың шыңы. Өйткені, көптеген мейрамханалар мен барлар, алтын жалатылған сәнді интерьерлер, гүлдер мен сыйлықтар, әр аялдамада саяхатшыларға мүлтіксіз қызмет көрсететін қызметкерлер, бәрі-бәрі осы пойызда бар. Тіпті, президенттік люкске тапсырыс беріп, "Үндістан мұрасы" деп аталатын бір апталық сапарға шыға аласыз. Осы сапар барысында сіз Аджанта ортағасырлық үңгірлеріне, Раджастана сарайларына және әлемге әйгілі Таж Махалға барасыз. Сондай-ақ, жергілікті көрікті жерлерге экскурсия жасап, пілдерге мініп сауда жасайсыз.


1. Алтын бүркіт (Транссібір экспресі)

Атақты Транссібір экспресі Ресейдің ашық жерлерін кесіп өтіп, жолаушыларын Мәскеуден Владивостокқа дейін 9000 шақырым бойы алып жүреді. Саяхат екі аптаға созылады. Алтын бүркіт пойызы тұтынушыларға сәнді интерьерлерді, керемет жабдықталған купе мен көптеген тарихи орындарға баруды ұсынады. Бір қызығы – бұл пойыз жылына үш-ақ рейс жасайды және оның ең қымбат бағыты 76 295 долларды құрайды екен.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Балалар саяхаты үшін ЕҢ ТИІМДІ бағыттар


Европаға саяхаттасаңыз, осы орындарға МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БАРЫҢЫЗ