Туристер үшін ЕҢ ҚАУІПСІЗ ЕЛДЕР анықталды

0
3 507

Сарапшылар 2022 жылы туристер баратын ең қауіпсіз елдерді атады.


Туристер үшін ЕҢ ҚАУІПСІЗ ЕЛДЕР анықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Назарларыңызға ұсынылып отырған рейтингті құру кезінде сарапшылар қоғамдық тәртіп, саяси ахуал, зорлық-зомбылық пен пандемия салдарын ескерген.


International SOS атты Халықаралық денсаулық сақтау және қауіпсіздік компаниясының жаңа зерттеуі бойынша 2022 жылы қай елдер қауіпсіз болатыны анықталған екен. Олардың мәлімдеуінше, Норвегия қауіпсіздік бойынша көш бастап тұр. Сарапшылардың пікірінше, Норвегия – қылмыс деңгейі өте төмен, ең бейбіт ел болып саналады. Өйткені, ондағы терроризм, саяси қудалау және әлеуметтік тәртіпсіздік қаупі төменгі шкаланы көрсетіп отыр. Дегенмен, бұл елге барған туристер үшін биік таулы аймақ пен мұздықтарға саяхаттау айтарлықтай қауіп тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан саяхатшылардың ескертулер мен нұсқаулықтарға мән беріп жүргені абзал.


Ең қауіпсіз елдер рейтингінің екінші сатысында тағы бір Скандинавия елі – Финляндия тұр. Мұнда қылмыс деңгейі төмен, сондай-ақ ереуілдер, саяси қақтығыстар, зорлық-зомбылық немесе терроризм қаупі жоқтың қасы екен.


2022 жылы саяхаттауға қауіпсіз елдердің үздік үштігін Швейцария елі түйіндеп тұр. Тіпті, бұл елдегі Цюрих, Берн, Женева сынды мегаполистердің өзінде қылмыс пен құқықбұзушылық ең төменгі деңгейде тұрған көрінеді. Сарапшылардың пікірінше, шағын ғана мемлекетте саяси зорлық-зомбылық немесе әлеуметтік тәртіпсіздіктердің орын алуы өте сирек кездеседі. Сонымен қатар, қауіпсіздік тұрғысынан қолайлы елдер қатарына Дания мен Люксембургті қосуға болады.


Сондай-ақ, жер бетін түгел қамтитын National Geographic редакциясы да 2022 жылы саяхаттауға қолайлы елдердің тізімін ұсынған болатын. Ол рейтингте әлемдегі ең керемет 25 бағыт өздеріне тән ерекшеліктері бойынша бес санатқа бөлінген.


Мәдениет санаты:

  • Цзинмай Тауы, Юньнань, Қытай;
  • Tin Pan Alley аллеясы, Лондон, Ұлыбритания;
  • Хоккайдо, Жапония;
  • Прочида, Италия;
  • Атланта, Джорджия, АҚШ.


Тұрақтылық санаты:

  • РУР алқабы, Германия;
  • Ясуни ұлттық паркі, Эквадор;
  • Лодзь, Польша;
  • Колумбия өзенінің шатқалы, Орегон/Вашингтон, АҚШ;
  • Чиманимани ұлттық паркі, Мозамбик.


Табиғат санаты:

  • Жолақ Каприви, Намибия;
  • Солтүстік Миннесота, АҚШ;
  • Байкал көлі, Ресей;
  • Белиздегі Майя орман қорығы;
  • Виктория, Австралия.


Шытырман оқиғалар санаты:

  • Сена өзенінің бойымен велосипедпен серуендеу, Франция;
  • Коста-Рика;
  • Непизигуит Мигмак ізі, Нью-Брансуик, Канада;
  • Палау;
  • Арапахо бассейні, Колорадо, АҚШ.


Отбасылық саяхат санаты:

  • Дунай өзеніндегі круиз;
  • Ликия, Түркия;
  • Гранада, Испания;
  • Бонайре, Кариб теңізіндегі арал;
  • Шығыс жағалауы, Мэриленд, АҚШ.


Жоспарлаған саяхатыңыз сәтті өтсін!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Саяхат адамды қалай өзгертеді? Барлығы шындық!


ҚЫСҚЫ САЯХАТ: Туристер неге Үндістанда демалуға құмар?