Шымкент қаласы прокуратурасының 2018 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша алқа мәжілісі өтті – деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиын барысында өткен жылы шымшаһарда қылмысқа қарсы қабылданған шаралар және алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қылмыстылықтың 19% (18,5 мыңнан 15 мыңға) төмендегені айтылды. Ал, қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартылған 19 жасырын дерек анықталып, кінәлі тұлғалар жазаланған. 14 созбалаңдыққа салынып аяқсыз қалған істер бойынша, соңғы процессуалдық шешім қабылданын да айта кету қажет.
Сонымен қатар, сотталғандарды жұмыспен қамту 81 пайыздан асып, «Борышкер» акциясы аясында мемлекетке 26 миллион теңге өтеліпті.
Мұнан бөлек, прокуратураға түскен 2477 өтініштер келіп түскен. Нәтежиесінде 350 азаматтың құқығы қорғалыпты. Ал, құқық қорғау қызметтері орталығында 6 мың тұрғынға құқықтық қызмет көрсетіліп, оның 3 мыңын прокурорлар қабылдаған.