2020 жылы Шымкентте шығатын тоқыма өнімдері шетелдерге экспортталады

0
1 447

Бұл 800 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.


2020 жылы Шымкентте шығатын тоқыма өнімдері шетелдерге экспортталады

Шымкент әкімі Е.Айтаханов үшінші мегаполисте «Меланж» мақта-мата өндіріс кешені іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы қала әкімі Е.Айтаханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.

«Алдағы жылы «Меланж» АҚ-ы іске қосылады. Нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылады», - деді Е.Айтаханов өз сөзінде.

Қала басшысының айтуынша, бұл елімізде өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттырады және 800 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Биыл 5 желтоқсанда өзбек инвесторларының қатысуымен қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Альянс» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды», - деді қала әкімі.

Бұл кәсіпорын 2019 жылдың соңына дейін 60 тонна, ал келесі жылы 6 мың тонна мақта-талшығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді деп күтілуде.