60 млн. пара алып, зираттың ақшасын жымқырған: Шымкентте әкімнің орынбасары сотталды

0
547

Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жарияланды.


60 млн. пара алып, зираттың ақшасын жымқырған: Шымкентте әкімнің орынбасары сотталды

Шымкент қаласында аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желіде хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен алдын алу мақсатында сот органдарымен өзара келісімге қол жеткізу арқылы жемқорлыққа айыпталған мемлекеттік қызметшілердің ұжымдары сот отырыстарына қатысуда.
Биыл, 1 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жариялады.
Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн. теңге мөлшерінде пара алғаны, сонымен қатар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн. теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.