«Ағаш отырғызу - экологияға өз үлесіңді қосу»: Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті

0
660

30 мыңнан аса адам қатысып, 110 техника жұмылдырылды.


«Ағаш отырғызу - экологияға өз үлесіңді қосу»: Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті
Шымкент қаласында «Ағаш отырғызу - экологияға өз үлесіңді қосу» атты жалпы қалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тазалық жұмысына қала тұрғындары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Олармен көп қабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жалпы қалалық сенбілікке 30 мыңнан аса адам қатысып, 110 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Абай ауданының әкімдігі, «Вuild Stroud» мекемесінің қызметкерлері және Қазығұрт шағын ауданының тұрғындары бірлесіп мемлекеттік орман қоры жерлерін қорғау және толықтыру мақсатында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында 4000 дана ағаш көшеттері отырғызылды және аумақты қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Ол жұмыстарға 300 адам жұмылдырылып, 24 техника тартылды.
Сондай-ақ, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағына, аталған кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен 2000 түп қылқан жапырақты боз арша (можжевельник) ағашы отырғызылды.