Ағашқа асылып тұрған: ​Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалады

0
975

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қыметі​ мәлімдеді.


Ағашқа асылып тұрған: ​Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалады

Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қыметі мәлімдеді.
9 маусым күні қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтерін атқарып жүрген Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің сарбаздары бөлімге қайту үшін жиналып жатқан кезде «Көмектесіндер!» деген әйел адамның дауысын естіген. Дауыс шыққан жаққа жөнелген сарбаздар, белгісіз азаматтың өз үйінің ауласында ағашқа асылып тұрғанын байқайды.
- Қызмет аяқталған кезі еді, сағат 23.25 шамаларында әйел адамның көмекке шақырып жатқан дауысын естідік. Ойланбастан дауыс шығып жатқан жаққа бір жасақ боп барған кезіміз еді, асылып тұрған азаматты көріп, асылып тұрған жерінен шешіп алдық, - дейді бөлімнің сарбазы қатардағы Артем Ивушкин.
Сарбаздар алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, ер азамат есін жыйды. Кейін, мекен-жайға 103 бригадасы шақырылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келді.