«Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі»: Шымкентте әскери-патриоттық іс-шара өтті

0
708

Ерлік сабағына «Жас сарбаздар» кадет мектебінен 60-қа жуық оқушы қатысты.


«Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі»: Шымкентте  әскери-патриоттық іс-шара өтті

Шымкент қаласындағы Тарихи өлкетану мұражайында «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ерлік сабағына «Жас сарбаздар» кадет мектебінен 60-қа жуық оқушы қатысты.

Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департаменті мен білім басқармасының бастамасымен өткен жиында жастар ардагерлермен кездесіп, рухани әңгіме өрбітті. ⠀ ⠀
Болашақ Отан қорғаушылар – біздің жастар. Оларға жыл сайын ардагерлердің қатысуымен өтетін ерлік сабағын беруден жалыққан емеспіз. Білектің күшімен, найзаның ұшымен қалдырған ата-бабамыздың жерін қорғайтын осы азаматтар болғандықтан, оларға тәрбие беру үшін аянбай еңбек етеміз,- деді С. Онбаев.⁣⁣⠀
Тарихи өлкетану мұражайына жиналған жас сарбаздар елі мен жері үшін қанын төккен ата-бабаларымыздың тарихына қанық болдық. Осындай іс-шараны ұйымдастырған ұстаздарыма алғыс айтамын,- деді жас сарбаз Н.Тәліп.
Айта кетейік, жас сарбаздар Қарағанды облысы Спаск қаласында өткен сегізінші республикалық «Айбынды жастар» жарысында 40 команданың арасына оза шауып, бірінші орынды иеленген болатын.⠀