Шымкент қаласындағы ситуациялық орталығы мемлекет басшысының ’’Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асқан бірден-бір жоба.
Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында ‘’i-shуmkent” ситуациялық орталығының жұмысын жақсарту тетіктері пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері орталыққа 530 431 арыз-шағым түскен. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жұмысына, жөндеу жұмыстарына қатысты жарықтың сөнуіне, судың тапшылығына байланысты арыздар жиілеген. Жиында азаматтар тарапынан түскен талап-тілектерді орындауда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
24/7 тәртібінде жұмыс істейтін орталыққа халық бірыңғай 109 нөмірі және арнайы әлеуметтік желілер арқылы хабарласа алады. Бүгінде орталық мамандары біліктілікті арттыру мақсатында арнайы курстардан өтуде.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға әрбір арыз-шағымға толық, сапалы жауап беріп, тиісті шаралардың қолданылуын бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділікті арттырып, халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін ескертті.
Ақпарат үшін айта кетсек, Шымкент қаласындағы ситуациялық орталығы мемлекет басшысының ’’Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асқан бірден-бір жоба.
Қызмет түрлері:
Ауланы абаттандыру;
Ауланы жабдықтандыру;
Отынмен қамтамасыз ету мәселесі;
Қаланы сумен жабдықтау;
Өндірістік жұмыстардан кейінгі қалпына келтіру;
Газбен жабдықтау;
Лифт жұмысы;
Қалалық жол инфрақұрылымдары;
Денсаулық сақтау;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
Қоғамдық көлік;
ПИК жұмысы ;
Тұрмыстық қалдықтар;
Су басу ;
Ашық құдықтар;
ТШК (су ,жылу, электр-энергия);
БЖЗҚ бойынша;
Білім беру мәселелері ;
Заң, тәртіп және тағы басқа мәселелер бойынша.
Мекен жайы: Бәйдібек би даңғылы, 116 "Наурыз парк" ТК.