«Әкеге қарап ұл өсер»: Шымкентте VІ республикалық әкелер форумы өтіп жатыр

0
1 035

Форумға республиканың барлық қалалары мен облыстарынан делегаттар қатысуда.


«Әкеге қарап ұл өсер»: Шымкентте VІ республикалық әкелер форумы өтіп жатыр

Шымкент қаласында «Әкеге қарап ұл өсер» атты VІ республикалық әкелер форумы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отбасы институтын нығайту және ер адамдардың отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз сөйлеп, жиынның маңызын атап өтті.
Бүгінде қоғам ауқымды трансформацияны басынан өткізуде. Осылай жедел өзгеріп жатқан қоғамдағы ер азаматтардың орны мен рөлі, оның мойнындағы міндеттер қандай? ХХІ ғасыр жағдайында жақсы әкеге қандай талаптар қойылады? Бүгінгі форум, міне, осы мәселелерді ашық талқылауымен маңызды деп ойлаймын, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған форумға республиканың барлық қалалары мен облыстарынан делегаттар қатысуда. Атап айтқанда, отбасылық саясатқа жауапты орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының және ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың өкілдері әкелер институтын дамыту мәселесін бірлесіп талқылауда.