Кездесуге «Жеңіл өнер кәсіп және сервис» колледж студенттері қатысты.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Жастар ресурстық орталығының және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жас аналар мен қыздар арасында «Аналар ұлағаты - ұрпаққа аманат» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған шараның мақсаты - жастар арасында қазақстандық патриотизмді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосу. Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі ету.
Сонымен қатар, әйелдердің еңбекқорлығы, қоғамдағы жаңашыл қадамдары, ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны жайлы қыздармен ой бөлісу.
Кездесуге "Аналар кеңесінің" төрайымы Тұрсынай Барлыбаева, мүшесі Нарынбаева Райхан және Беисенбиева Сәбина және «Жеңіл өнер кәсіп және сервис» колледж студенттері қатысты.
Аталмыш шарада отбасы құндылығы, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері туралы ой қозғалды. Кездесу барысында жастардың толғандырған сұрақтарына жауап алынды.