​Армян көліктерін тіркеу мерзімі қарашаға дейін ұзартылды

0
904

"Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында" армениялық көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасуда.


​Армян көліктерін тіркеу мерзімі қарашаға дейін ұзартылды

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу жұмыстары 1 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үкіметтің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысын орындау шеңберінде жүргізіліп жатқан, Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу жұмыстары 1 қарашаға дейін ұзартылды.
Армениялық көліктерді уақытылы тіркеу мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып, Шымкент қаласындағы “Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында” армениялық көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасуда.
Автокөлік иелерінің назарына:
- бұл көлік Арменияда тіркеу есебінен шығарылмаған, сондықтан оған басқа елде тұрақты тіркеуде тұрған автомобильдер үшін көзделген сары түсті нөмірлер беріледі;
- Арменияда берілген техпаспортта, «Ерекше белгілер» бағанында: автомобильді иеліктен шығаруға шектеу белгіленгенін, осылайша автомобильді басқа адамға сатуға және қайта рәсімдеуге Қазақстан Республикасында емес, Армения Республикасында тыйым салу белгіленген;
- автокөлік иелерінің көлікті иеліктен шығарудағы конституциялық құқығы Қазақстанда шектелмейді, бірақ автомобильді кейіннен сату үшін олар оны Арменияда тіркеу есебінен шығаруға және Қазақстанға заңнамада белгіленген тәртіппен әкелуі тиіс.