Әскерге шақыру науқаны: Шымкентте сыбайлас жемқорлық бойынша сабақ өткізілді

0
463

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі​ мәлімдеді.


Әскерге шақыру науқаны: Шымкентте сыбайлас жемқорлық бойынша сабақ өткізілді

Шымкент қаласының жинақтау пунктінде гарнизонның әскери полиция бөлімі өкілінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сабақ өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шараға азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларына қатысы бар адамдар тартылды.
Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға офицері әділет капитаны Ербол Айтбаев сабаққа қатысушыларды көктемгі шақыру науқанын сапалы өткізуге, қолданыстағы заңнаманың тармақтары мен баптарына ерекше назар аударуға шақырды.
Заңнамалық нормаларға сәйкес, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермей, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына көктемгі шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу – бұл біздің ортақ және басты міндетіміз, - деді әділет капитаны Ербол Айтбаев.
Әскери полиция өкілі Қарулы Күштерде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы да тоқталды.
Атап кетсек, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады.