"Асығыс тойлап жіберді": Белгілі ғалым Түркістанның да 2200 жылдық тарихы бар екенін айтты

0
1 533

Шымкент пен Түркістанның 2200 жылдық мерейтойы тойлануы мүмкін.


Үшінші мегаполистегі ОҚМПУ ғимаратында "Шымкент қаласының тарихы мен өркениеті" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен конференцияға шаһардың түрлі саласына қатысты аймақтағы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, сонымен қатар өзге де өңірлердегі ЖОО ғалымдары қатысып, баяндамаларын оқыды.

Өз кезегінде, алғашқы болып сөз кезегін алған белгілі тарихшы, Шымкент қаласының тарихын бүге-шігесіне дейін зерттеп жүрген ғалым Бауыржан Байтанаев Шымкент пен Түркістан қалаларының 2200 жылдық тарихы бар екенін айтты.

«Шымкент және Түркістан қалалары бір уақытта пайда болған, яғни 2200 жыл бұрын. Ол ұзақ жылдық зерттеулер нәтижесінде анықталып отыр. Түркістан қаласының 1500 жылдығы асығыс тойланып кетті. Бірақ нақты дәлелдерді ЮНЕСКО-ға жіберсек, ресми құжаттарды бекітіп береді. Демек, Шымкент қаласымен қоса Түркістанның да 2200 жылдық мерейтойын тойлауға әбден болады», - деді Бауыржан Байтанаев.