«Аялы алақан»: Шымкентте қайырымдылық шара өтті

0
2 225

Аталған іс-шараға балалар үйіндегі 40 шақты тәрбиеленуші қатысты.


«Аялы алақан»: Шымкентте қайырымдылық шара өтті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы «Meyirim.kz» порталы және Абай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында «Аялы алақан» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс - шараның мақсаты - оқшауланып қалған жастардың өмірге деген көзқарасын, құлшынысын, жетістікке жету қабілетін арттыру, жағымды позитивті көңіл-күй сыйлау.

Аталған іс-шараға балалар үйіндегі 40 шақты тәрбиеленуші қатысты. Балалар өз күндерін қуыршақтар театрындағы керемет көрініспен бастап кешкі психологиялық тренингпен, яғни түрлі қызықты психологиялық ойындармен аяқтады. Мейрамханада түскі ас ұйымдастырылып, балаларға қажетті түрлі сый – сияпаттар ұсынылды.