ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды.
«AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталған.
“Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес, инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек. Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген”, - делінген жазбада.
Айта кетейік, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
«AYBA-Жанұя» қаржылық пирамидасының құрбаны болсаңыз, сенім телефондарына хабарласыңыз.
8(7172) 708-478, 8(7252) 77-14-48, 8-778-628-51-16.