Bank RBK Шымкентте қоғамдық көліктегі жолақының жартысын өтеуді ұсынды

0
2 613

Банк пен TOLEM жүйесінің бірлескен акциясы 30 сәуірге дейін жалғасады.


Bank RBK Шымкентте қоғамдық көліктегі жолақының жартысын өтеуді ұсынды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте TOLEM жүйесі екі есе тиімді болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің ыңғайлы электрондық жүйесі екі есе тиімді болып отыр.
Банк жолаушыларға жол жүру құнының жартысын өтеуге дайын. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін Сізде Bank RBK-нің төлем картасы болуы қажет. Картаны алған соң смартфонға банктің мобильді қосымшасын орнатып, оның көмегімен TOLEM картасын толықтырасыз.
Ең көбі айына 1000 теңгені қайтаруға болады. Акция 2021 жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады. Осылайша, мегаполис тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің ыңғайлы электрондық жүйесі екі есе тиімді болып отыр.
Айта кетейік, TOLEM қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі (tolemcard.kz) Шымкент қаласында 2020 жылдың қазан айының ортасында жұмыс істеді. Қарашадан бастап сараланған тариф енгізілді: қолма – қол ақшамен қала тұрғындарына жол жүру ақысы 100 теңгеден, электрондық төлем 70 теңгеден басталды. Шымкенттіктер қолма-қол ақшасыз төлемнің пайдасын бағалады және қоғамдық көлікті пайдаланатын көптеген қалалықтарда көлік картасы пайда болды.