Барлық балабақша ғимараттары қатаң тексеруден өтеді

0
3 768

Арнайы құрылған комиссия тексеретін болады


Барлық балабақша ғимараттары қатаң тексеруден өтеді

иллюстрациялық фото: zakon.kz

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы барлық балабақша ғимараттары қатаң тексеруден өтеді, деп абарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласында өткен педагог мамандардың дәстүрлі тамыз кеңесінде Ғабидолла Әбдірахымов қала аумағындағы балабақшалардың жағдайын тексеретін арнайы комиссия құрылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, талаптарға сай келмеген тәрбие беру ұйымдарымен келісімшарт тоқтатылады және оларға мемлекеттік тапсырыс берілмейді.

«Ең алдымен, балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Ойыншықтардың саны мен сапасын арттыру, дәмді және пайдалы тағамдармен қамтамасыз ету баса назарға алынуы тиіс», - деді қала әкімі өз сөзінде.


Айта кетейік, қазіргі таңда, қала аумағында 459 балабақша жұмыс істейді. Олардың 351-і жеке меншік иелігінде еекен.