Биыл Шымкентте 18 мың тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

0
698

Қазіргі таңда 13 нысанның құрылысы жүргізілуде.


Биыл Шымкентте 18 мың тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

Шымкентте биыл 18 мың қала тұрғыны кәріз жүйесіне қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының аумағы ұлғайып, шалғай елдімекендер әлі кәріз жүйесіне қосылмаған. Нақтырақ айтар болсақ, қаладағы 81 шағынауданның 18-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 63 шағынаудан қамтылмаған.

Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында қазір 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 магистралды кәріз коллекторының және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар: Самал - 1,2,3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас, Шапағат, Ұлағат, Наурыз және Солтүстік-Шығыс шағынаудандары.
Бұл жылы 3 шағынауданның және 1 магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, Самал-1, Солтүстік Шығыс және Наурыз шағынаудандарының 18 мың тұрғыны кәріз жүйесіне қосылатын болады.
Cамал-1 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Үшсай» мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Ұзындығы 33,9 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі құрылысының бүгінде 70% аяқталған. Қараша айында құрылыс жұмысы толығымен аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.
Ал, Солтүстік-Шығыс шағынауданында ұзындығы 16,1 шақырымды құрайтын нысан құрылысының 30% аяқталған. Құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.