Биыл Шымкентте 300-ге жуық жасқа жеңілдетілген несие беріледі

0
633

Жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылады.


Биыл Шымкентте 300-ге жуық жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Биыл Шымкент қаласында 261 жасқа кәсіп бастау үшін жеңілдетілген несие беру жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2 мыңға жуық, «Алғашқы бос жұмыс орны» жобасымен 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қоса, қалалық жастар ресурстық және жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен студенттерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде Жастар бизнесіне жол ашатын 2,5 пайызбен берілетін микронесие, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» бағдарламаларының талаптары түсіндірілуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бойынша алдыңғы қатарда келеді.
Атап айтатын болсақ, 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны – тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге, яғни 6 айда 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни жоспар 52,8% орындалды. Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.
Еске сала кетейік, Шымкентте 2022 жылы 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған. Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып саналады. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 теңге құрап отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.