Биыл Шымкентте 500-ге жуық оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

0
818

Көш басында 46 «Алтын белгі» иегерімен High School мектебі тұр.


Биыл Шымкентте 500-ге жуық оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Биыл Шымкент қаласында 444 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық білім басқармасы «Алтын белгі» иегерлері мейлінше көп шыққан білім ұйымдарының тізімін жариялады.
Көш басында 46 «Алтын белгі» иегерімен High School мектебі тұр. Ал, 22 оқушымен үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп- интернаты екінші орыннан көрінсе, 21 үздікті оқытқан №1 Білім-инновация ер балалар лицей-интернаты үштікті қорытындылап тұр.
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейінен – 15, С.Нұрмағанбетов атындағы №72 жалпы орта мектебінен – 14, М. Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясынан – 13, Дарынды балаларға арналған №90 мамандандырылған дарын мектебінен – 12, А.Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясынан – 12, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясынан – 10 түлек «Алтын белгіні» ақтап шыққан. Ал, үздік ондықта бірдей нәтиже көрсеткен 5 білім ұйымы — Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы, З.Космедеянская атындағы №23 мектеп-лицейі , Ю.Сареми атындағы № 107 мектеп-лицейі, №89 IT мектеп-лицейі, Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта мектебі қорытындылап отыр.

2021-2022 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 11 189 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 444 түлек «Алтын белгі», 571 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Тағы 19 251 оқушы 9 сыныпты тәмамдайды.

Оның ішінде Ұлттық біріңғай тестілеуге 433-і қатысса, қалған 20 үміткер шетел жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан.

Ал, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынса, биыл 17 мектеп салу жоспарланды. Келер жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетін болады. Одан бөлек, Оқушылар сарайы мен Саз мектебі салынуда.