Былтыр Шымкенттің мамандандырылған әкімшілік соты 10 мыңға жуық істі қараған

0
1 548

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 2018 жылы 9576 іс келіп түсіп, 284 шетелдікті елден шығарған.


Былтыр Шымкенттің мамандандырылған әкімшілік соты 10 мыңға жуық істі қараған

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 2018 жылдың 12 айында 9576 әкімшілік іс келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы 2018 жылдың қорытындысына сараптама жасаған Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Бектұрғанов мәлімдеді.

Оның ішінде 1693 іс бойынша қамау жазасы қолданған. 5393 іс бойынша айыппұл салынған. 111 іс бойынша ескерту берілсе, 284 іс бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілген. 1162 іс бойынша азаматтар жүргізу куәлігінен айырылған. 173 іс медиация тәртібімен аяқталған.
Сонымен қатар, әкімшілік істердің барлығы «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен.