ЕРЛАН АЙТАХАНОВ: Мектеп оқушыларының формасын бірыңғай жүйеге көшіру керек

0
1 756

Бұл туралы қала әкімі Шымкентте өткен «BILIM jane GYLYM» тақырыбындағы тамыз конференциясында айтып өтті.


ЕРЛАН АЙТАХАНОВ: Мектеп оқушыларының формасын бірыңғай жүйеге көшіру керек

ымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов тамыз конференциясында мектеп оқушыларының формасына алаңдаушылық білдіріп, жағдайы төмен отбасылардың мүмкіншіліктерін ескеріп өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкенттегі "Түркістан" сарайында «BILIM jane GYLYM» тақырыбында өткен тамыз конференциясы ұйымдастырылды. Аталған конференцияға білім саласына қатысты барлық басшылар мен маман иелері жиналды.

Өткен жиында қала басшысы Ерлан Айтаханов оқу ордаларындағы мектеп формасына байланысты өз ойын жеткізді. Сонымен қоса, ұстаздың мәртебесі мен білімнің сапасын көтеру жайын қозғаған әкім ең алдымен мектеп айналасын пайдакүнем бизнесмендерден арылтуды да атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, мектеп формасы жылда жаңа оқу маусымы басталғанда, үлкен шудың басы болып келеді. Себебі, біздің тұрмысымызда әлеуметтік шиеленістер, жағдайы төмен отбасылар бар екенін жақсы білесіздер. Мектеп оқушыларының формасы әр мектепте әр бөлек. Мектептердің әрқайсысы өз формасын бекітіп алған. Мәселен, ата-ана үйінің жанындағы лицейге баласын оқытқысы келсе, ол лицейдің оқушы формасы тым қымбат тұрады. Әлеуметтік наразылық осындайдан туындайды. Бұл жерде мектеп оқушыларының да формасын бірыңғай жүйеге көшіру керек. Мектеп формасын бизнеске айналдырып, ақша табудың көзі қылуды доғару керек», - деді Е.Айтаханов.

Сондай-ақ конференция аясында білім ошақтарының оқуышлары робототехника мамандығына қызығушылық танытып жүрген өнертапқыштар өз көрмелерін өткізді. Көрменің жұмысымен танысқан Шымкент қаласының әкімі оқушылардың қолынан шыққан дүниелерге қызығушылық таныттып, жұмыстарына тәнті болды.


Шымкент қаласы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары жасап шығарған роботтың жұмысымен танысу сәті.

Оқушылардың ұйымдастырған көрмесінде қала әкімі Ерлан Айтаханов республикалық инновациялық STEAM мектебінің 3D форматындағы жаңа технологияны қолдана отыр жасалған жобаның жұмысымен танысуда.