Ерлан Айтаханов өзін Ғабидолла Әбдірахымовпен салыстыратындарға жауап берді

0
1 148

Шымкент әкімі: «Бұл маған жұмыс істеуге кедергі келтірмейді.».


Ерлан Айтаханов өзін Ғабидолла Әбдірахымовпен салыстыратындарға жауап берді

Ерлан Айтаханов өзін Ғабидолла Әбдірахымовпен салыстыруға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов елордада өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бұрынғы әкім Ғабидолла Әбдірахымовпен салыстыруға қатысты өз пікірін білдірді.

"Жұмыс істеуде менің өз тәжірибем бар, Ғабекенің өз тәжірибесі. Бұл маған жұмыс істеуге кедергі келтірмейді. Әзірге сенім несиесі бар, мен оны нақты әрекеттермен толтырғым келеді. Келесі жылы қандай да бір нәтиже көрсетеміз... Мен өзімді өз-өзімен жұмыс істейтін әкім деп санаймын", - дейді Ерлан Айтаханов.

Сондай-ақ Шымкент басшысы тұрғындардың сенімін ақтауға үміттенетінін де атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Ғабидолла Әбдрахимов биыл жазда Шымкент әкімі қызметінен кеткен еді.