«Ерлікке тағзым»: Шымкентте жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды

0
617

Келелі кездесу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.


«Ерлікке тағзым»: Шымкентте жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы Абай ауданы әкімшілігі мен «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорымен бірлесіп «Ерлікке тағзым» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы әкімінің, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерінің, қаланың құрметті азаматтарының, еңбек ардагерлерінің және жастардың қатысуымен өткен келелі кездесу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.
Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау кең байтақ жерді дұшпанның көзінен, жаудың бөзінен бекер сақтап қалған емес, келешек ұл-қыздары үшін аманаттап қалды. Олардың ерлігін айтып, ата-бабамыздың батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы.
Бабалар ерлігі ұрпаққа рух береді деген мақсатпен ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысын алдағы уақытта Шымкент қаласының басқа да аудандарында өткізу жоспарлануда.