«Ерлікке толы ғұмыр»: Шымкентте қос батырдың есімдері ұлықталды

0
732

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл және Ұлы Жеңіске 77 жыл толуына орай ұйымдастырылды.


«Ерлікке толы ғұмыр»: Шымкентте қос батырдың есімдері ұлықталды

Шымкент қаласындағы «Опера және балет театрында» Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың туғанына 120 жыл және Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауынбаевтың 100 жылдығына арналған «Ерлікке толы ғұмыр» атты танымдық кеш өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл және Ұлы Жеңіске 77 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің басшысы Ғазиз Төлеуішевтің айтуынша, генералдың туған күні 11 ақпаннан бері батырдың есімін ұлықтау мақсатында 11 іс-шара өткізілген.
Жеңіс күні қарсаңындабатырлар есімін ұлықтау және олардың ерлік жолдарын болашақ Отан қорғаушыларға үлгі тұту, сондай-ақ жастардың бойында патриоттық рухты шыңдау, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін нығайту мақсатында мерекелік кешті ұйымдастырып отырмыз, - деді Ғазиз Әуесқанұлы.
Өз кезегінде мерекелік іс-шараға ҚР Қарулы Күштерінің, Ауған соғысының, ардагерлері, қос батырдың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, С.Рахымов атындағы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.