«Этномедиацияны жүзеге асырудың жолдары»: Шымкентте форум өтті

0
649

Форумға Шымкент қалалық медиация орталықтарының қызметкерлері, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.


«Этномедиацияны жүзеге асырудың жолдары»: Шымкентте форум өтті

6 қазан күні Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Этномедиацияны жүзеге асырудың жолдары» форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Форумға Шымкент қалалық медиация орталықтарының қызметкерлері, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында арнайы түсірілген бейнефильм көрсетілді, сондай-ақ, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Шотанов, «Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л. Ақшегірова, «Қазақстан медиаторлар палатасы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Э. Есимбетова, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж. Әлжанова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығының» президенті Н.Оразқұлова, Халықаралық құқық қорғау орталығы республикалық қоғамдық бірлістігінің өкілдігінің кәсіби медиаторы Д.Байсерікова қазіргі қоғамда медиация қызметінің атқаратын рөлінің маңыздылығына тоқталды.
2011 жылы 28 қаңтарда ҚР «Медиация туралы» Заңы қабылданып, 2011 жылы 5 тамызда қолданысқа енгізілді. Содан бері 5 тамыз – медиация күні болып белгіленген. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл, медиацияның қызмет атқарып келе жатқанына 10 жыл толып отыр.
Медиация – тараптарды татуластырып, өнбес даудың өріс алуына жол бермейді. Бүгінде Шымкент қаласында 6 медиациялық орталықта 216 кәсіби медиатор бар. Сондай-ақ, қаладағы 4 ауданда қоғамдық медиаторлар әрекет етеді. Үшінші мегаполис аумағындағы 81 тұрғын алап пен шағынауданды қамтитын 5 Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі де заманауи медиация тәсілдерін тиімді қолданып, тараптарды татуластырып келеді.
Іс-шара соңында татулық пен бірегейлікті сақтауға ықпал етуде аянбай қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.