Фармацевтикалық өнімдердің 35%-дан астамы Шымкентте өндіріледі

0
694

Былтырғы жылы Шымкенттің фармацевтикалық кәсіпорындары 58 миллиард теңгенің препаратын өндірді.


Фармацевтикалық өнімдердің 35%-дан астамы Шымкентте өндіріледі

Фармацевтикалық өнімдердің 35 пайыздан астамы Шымкентте өндіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Былтырғы жылы Шымкенттің фармацевтикалық кәсіпорындары 58 миллиард теңгенің препаратын өндірді. Бүгінде елімізде шығарылатын дәрілік заттардың жалпы көлеміндегі мегаполис үлесі – 35,7%-ды құрайды.

Еске сала кетейік, Премьер-министр Ә.Смайыловтың қатысуымен Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасының орындалуы мен отандық фармацевтикалық өндіріс барысы талқыланды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отандық өндіріс үлесін 2029 жылға қарай 50% - ға жеткізу бойынша қойылған Президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасын таныстырды.
6 міндет пен 39 іс-шараны іске асыруды қамтитын Жол картасын орындау мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, Шымкентте дәрілік нысандарды әзірлеумен, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізумен, экстракциялау технологияларын, сапаны бақылау, стандарттау әдістемелерін қолданумен айналысатын инновациялық компаниялар тобынан медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 50%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты елімізде Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында үш медициналық-фармацевтикалық кластер құру жоспарлануда, бұл импортқа тәуелділікті едәуір қысқартады және ҚР Ұлттық дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өңір аумағында өндірістік алаңдар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі – ОҚМА-да шоғырлануына байланысты Шымкент қаласы медициналық-фармацевтикалық кластер құру үшін ең ұтымды орын.