Шымкенттік арулар ел кубогы жолындағы жарыстарда қатарынан 14 рет жеңімпаз атанды.
20-26 сәуір күндері Шымкент қаласындағы “БИІК” футбол орталығында ұйымдастырылған доп додасында “БИІК-Шымкент” клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды. Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті. Сайыста шымкенттік волейболшы қыздар асқан басымдықпен жеңіске жетті. Құрама команданың бас бапкері Дидар Ұланқызы қыздарды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр. Яғни, “Шымкент” командасы ел чемпионы атанса, II-орынға Жамбыл облысының “Тараз”командасы қол жеткізді. ІІІ -орыннан алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы көрінді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда.