Карантин талабын бұзған кәсіпкер жауапқа тартылды

0
653

Нәтижесінде нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Карантин талабын бұзған кәсіпкер жауапқа тартылды

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігі жанынан құрылған арнайы мобильдік топ қоғамдық тамақтану орындарына кезекті бақылау жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тексеру барысында қоғамдық тамақтану орнында карантин талабын сақтамағаны анықталды. Нәтижесінде нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айтып өтейік, ауданда 4 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар қала тұрғындарын өзінің және өзгелердің денсаулығына немқұрайды қарамауға, отбасылық іс-шараларды өткізбеуге және барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырады.