«Қауіпсіз жол»: Шымкентте 700-ге жуық автокөлік айыптұраққа қойылды

0
859

24 күнде 25 988 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.


«Қауіпсіз жол»: Шымкентте 700-ге жуық автокөлік айыптұраққа қойылды

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 19-шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған шараның мақсаты - қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 24 күнінде 25 988 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 633 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Атап айтқанда техникалық байқаудан өтпеген – 662, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 869 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 3970, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 423, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 92, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 287, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 261, авариялық жағдай туындатқан – 125, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 67, көлік құралын мас күйде басқарған – 71, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 321 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 3303 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.