«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалында заң бұзушылық фактісі анықталды

0
1 176

4 азаматтан өтініш келіп түсуіне байланысы жоспардан тыс тексеру жүргізілген.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалында заң бұзушылық фактісі анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты 4 азаматтан өтініш келіп түсуіне байланысы жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің атына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты 4 азаматтан өтініш келіп түскен болатын.

Департамент осы өтініштердің негізінде, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізген.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, реттеліп көрсетілетін қызметке қоспағаны туралы анықталған.

"Бұл өз кезегінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу. Осыған байланысты, Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның ШӨФ-на қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 (төрт) әкімшілік хаттама толтырды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама енгізді", - делінген баспасөз хабарламасында.