​«Қазығұрттық өнертапқыш»: Жүргізуші куәлігі 20 мың теңге

0
2 941

«Қазығұрт» шағынауданының тұрғыны өзінің «өнертапқыштығымен» талайларды таңқалдырып отыр.


​«Қазығұрттық өнертапқыш»: Жүргізуші куәлігі 20 мың теңге

ERNUR.KZ.«Қазығұрт» шағынауданының тұрғыны өзінің «өнертапқыштығымен» талайларды таңқалдырып отыр, деп жазады ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби шопыр бір ғана қателігінің арқасында жүргізушілік куәлігінен айырылған.

Ішімдікке сылқия тойып алып, рульге отырғанында жол сақшыларының құрығына іліккен. Сот оны 3 жыл мерзімге жүргізушілік құқығынан айырған болатын. Алайда ол жаңа жүргізуші куәлігін алып айласын асырғысы келіпті. Жүргізуші су жаңа куәлікті қалтаға басып, қалааралық бағыттарға шыққан.

Шымкент-Алматы бағытындағы автобусты тізгіндеген оны жол сақшылары Сайрам ауданының аумағында қолға түсірді. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот барысында жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-да белгісіз біреулерден 20 мың теңгеге сатып алдым деп мойындады. Сот кінәліні 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылсын деген үкім шығарды.