30-ға тарта әйел жиналған.
Бүгін 30-ға тарта азаматша заңсыз тұрғын үй беруін талап етіп Шымкент қаласының әкімдігіне келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олардың кейбірі пәтер кезегінде тұрса, кейбірі мүлдем тұрмаған.
Әкімдік тарапынан тиісті сала басшысы жиналған әйелдердің әрбіріне кезек санын анықтап, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіппен және кезек ретімен берілетінін жеткізді.
Кезекке тұру үшін заңда көрсетілген санаттардың біріне енуі (ҰОС ардагері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобындағы азаматтар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар), мекенжайы соңғы 3 жылда Шымкент қаласында болуы және соңғы бес жылда тұрғын үй тіркелмеуі керек.
Осы санаттағы азаматтарға ғана баспана заң аясында, белгілі тәртіппен ғана берілетінін ескертіп, ешкімге кезексіз үй берілмейтінін хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.