Халық саны бойынша Шымкент қаласы жетінші орында тұр

0
1 847

Шымкент қалалық Статистика департаментінің басшысы Е.Құлтаев 2019 жылды қорытындылады.


Халық саны бойынша Шымкент қаласы жетінші орында тұр

2019 жылғы 1 желтоқсанда қала халқының саны - 1 033 478 адамды құраған. Бұл Республикада халық саны бойынша мегаполис 7-ші орынды алады деген сөз. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 2,2%-ға, яғни 22327 адамға артқан. Сондай-ақ, Шымкент елімізде халық саны тығыз орналасқан қалалардың бірі болып отыр (3 орында), деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы еліміз бойынша бала туу көрсеткішінде Шымкент қаласы 5 орынға тұрақтапты. Көш басында Түркістан облысы тұрса, 2-орында Алматы облысы, 3-орында - Алматы қаласы, 4-орында - Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Сондай-ақ, брифингте департамент басшысы Е.Құлтаев халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының 2019 жылғы III тоқсандағы бағалауы бойынша 70774 теңгені құрағанын атап өтті.

Халықтың жұмыспен қамтылу сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес 2019 жылғы III тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда өзгерістің жоқтығы анықталған. Ал жұмыссыздар саны 22,2 мың адам құрағанын көрсеткен.
Осы кезеңде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардағы қызметкерлерді есепке алмағанда) 141007 теңгені құрады және 2018 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 24% артқан. Нақты жалақы индексі 117,1% құраған.


Қалада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 29455,7 млн. теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,3% артып отыр. Оның ішінде мал шаруашылығы, тиісінше 19419,6 млн.теңге болса, өсімдік шаруашылығы – 9428,3 млн.теңге болған. Республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша мегаполис 14-ші орынды иемденіп отыр. Сонымен қатар, бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 381591,9 млн. теңгені құрап, өткен жылғы кезеңге қарағанда 7,1%-ға артқан екен. Көтерме сауда көлемі 802 438,4 млн. теңгені құраған және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өскен.